12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Соттағы татуластыру рәсімдері

Көбінесе азаматтар, заңды тұлғалар мен мемлекеттік мекемелер арасында түсініспеушіліктер туындап, нәтижесінде құқықтық даулар мен жанжалдар туындайды, оларды кейіннен қолданыстағы заңнама нормалары негізінде соттар шешеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында татуластыру рәсімдерін дамыту дауларды шешудің және азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қорғаудың басым бағыттарының бірі және азаматтық-құқықтық саладағы жанжалдар мен дауларды шешудегі маңызды рәсімдердің бірі болып табылады.

Теориялық тұрғыдан бітімгершілік рәсімдер тараптардың ерік білдіруіне негізделген қақтығыстарды өзара қолайлы шешуге бағытталған құқықтық дауларды шешу әдістері ретінде түсініледі.

Қазақстан Республикасының заңнамасы дауласушы тараптарға сотқа жүгінгенге дейін де, істі сотта қарау кезінде де, оны қарағаннан кейін де даудың кез келген уақытында дауды бейбіт жолмен шешудің артықшылығын пайдалануға мүмкіндік береді.

Татуласу рәсімдері Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 17-тарауымен реттеледі.

Сот (судья) тараптарға татуласу рәсіміне қатысуы үшін шақыру жібере отырып, тараптардың татуласуына шаралар қабылдайды, оларға дауды процестің барлық сатысында реттеуде жәрдемдеседі.

Шақыруда тараптар татуласу рәсімі (бітімгершілік келісім, медиация, партисипативтік рәсім) шеңберінде дауды (жанжалды) шешу құқығын түсіндіре отырып, сотқа талап қоюдың келіп түскені, татуласудың артықшылықтары туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес дәлелдемелерді өзара ашу және ұсыну құқығы туралы хабардар етіледі.

Қамтамасыз ету шараларын қабылдау кезінде шақыру тиісті ұйғарым шығарылғаннан кейін жіберіледі.

Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

Татуласу рәсімдерін қолдана отырып дауды реттеу туралы өтінішхат, егер осы Кодексте немесе заңда өзгеше көзделмесе, талап қою ісін жүргізудің кез келген ісі бойынша мәлімделуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты әзірлеген татуластыру рәсімін жүргізу бойынша судьяның іс жүргізу әрекеттерінің алгоритміне және сотқа дейінгі хаттамаға сәйкес судья іс қозғалған жағдайда дауды шешу перспективалары туралы өз пікірін білдіре алады. Ал тараптар келісімге келмеген жағдада талап мәні бойынша қарау үшін басқа судьяға беріледі.

Татуластыру судья тараптардың өтiнiшi бойынша немесе өзiнiң қалауы бойынша тараптарды татуластыруға көмектесе алатын басқа адамдарды татуластыру рәсiмiне қатысуға шақырады.

Ақтөбе облысының соттарымен көбіне: отбасылық қатынастар, оның ішінде оқуға қосымша шығыстарды өндіру, бала үш жасқа толғанға дейін жұбайын асырау үшін алимент өндіру, мүлікті бөлу және ажырасу; азаматтық-құқықтық қатынастар, оның ішінде тұрғын-үй қатынастары, шарттық міндеттемелер, зиянды өтеу; еңбек қатынастары, оның ішінде жалақы мен өтемақы өндіру, қызметкердің жұмыс берушіге келтірген материалдық залалының орнын толтыру санаттары бойынша қаралған азаматтық істерді тараптардың татуласуымен аяқталған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде бітімгершілік рәсімдердің үш түрі көзделген, біріншісі – бітімгершілік келісім, оның мақсаты даулы қатынастарды шешу. Бұл келісім арнайы азаматтық-құқықтық келісім ретінде қарастырылады.

Екіншісі, медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында медиатордың (медиаторлардың) көмегімен тараптар арасындағы дауды (жанжалды) реттеу рәсімі. Тараптар, бітімгершілік рәсімдердің сот түріне жататын бітімгершілік келісімінен айырмашылығы, медиация соттан тыс та, сотта да бекітуі мүмкін, яғни ол сотқа жүгінгенге дейін де, сотта іс жүргізуге қабылданғаннан кейін де қолданылуы мүмкін.

Үшінші – партисипативтік рәсім, бұл дауды судьяның қатысуынсыз тараптардың келіссөздері арқылы екі тараптың өкілдерінің көмегімен шешуді білдіреді.

Бүгінгі күнге Ақтөбе қаласының №3 сотымен 59% азаматтық іс тараптардың татуласуымен аяқталған. Бұл тараптар арасында дауды шешудің жылдам жолы, екі тарапқа да қолайлы өзара тиімді шешім қабылдау, мәжбүрлі шешімді орындауға қарағанда тараптар арасындағы келісімдерді жылдам орындау, қалыпты іскерлік қатынастарды сақтау жағынан тиімділігі зор. Сондай-ақ мемлекет тарапынан сотқа жүгіну кезінде төленген мемлекеттік баж салығының қайтарылуы да тараптар үшін татуластыру рәсімдерінің артықшылығына ие.

Ақтөбе қаласының №3 сотының судьялары, өз кезегінде, барлық күштер мен құралдарды пайдалана отырып татуластыру рәсімдерін насихаттау жұмыстарын өткізуде. Бұқаралық ақпарат құралдарында татуластыру рәсімдерінің мәселелері бойынша бірқатар мақалалар жарияланды. Насихатты кең пайдалана отырып, дауларды сотқа дейін шешу, тараптарға медиация келісімдерінің артықшылықтарын жеткізу сот ұйымдастыратын іс-шаралар арқылы жүзеге асады.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе қаласының №3 сотының судьясы

Гүлім Дүзбайқызы Төлеген

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...