Сот Салтанат Нүкенованың ар-намысына нұқсан келтіретін ақпарат таратқан блогерге қатысты шешім шығарды

Сот блогер Антон Бударовтың Салтанат Нүкенова туралы жазбасын жалған деп тану жөнінде үкім шығарды. Бұл жайлы әлеуметтік желіде Нүкенованың отбасының адвокаты Дамир Ишмамбетов жазды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы талабы бойынша Антон Бударовқа қатысты азаматтық істі қарады. Адвокаттың айтуынша, 20 мамыр  күні сот блогерге қатысты шешім шығарды.

alsi-ft.ruРЕКЛАМА

Лабораторное оборудование для розлива

Оборудование для фармацевтики, пищевой и химической отраслей от производителя

Узнать больше

«Бударов Антон Юрьевич көпшіліктің алдында үндеу жасау арқылы өзі таратқан ақпаратты жоққа шығаруға міндеттелді. Сонымен қатар сот шығындарына жұмсалған 650 мың теңгені Амангелді Айтбекке өндіруі керек», — дейді адвокат.

Антон Бударов өз парақшасында Салтанат Нүкенованы қаралап, оны өзін кінәлап жазба жазған. 

«Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іспен бірге Салтанатты жамандағысы келген көптеген хейтерлер де пайда болды, осындай хейтерлердің бірі — блогер Бударов Антон. Ол оны қиялы жеткенше қаралады», — дейді Ишмамбетов.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.