12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде өте маңызды рөл атқарады. Іс бойынша өзіндік айғақ саналатын сот құжаттарының, сот отырысы хаттамасының дұрыс, нақты, сауатты толтырылуы осы хатшыға байланысты. Дұрыс емес не шындыққа келмейтін мәліметтерді сот отырысының хаттамасына қасақана енгізген жағдайда хатшы заңда көзделгендей жауапта болады.
Хатшы, сонымен қатар, тараптардың сот отырысына келуін қамтамасыз етіп,  азаматтық және қылмыстық істерді рәсімдеп, сот актілері мен басқа да құжаттарды іс жүргізу нұсқаулығына сәйкес сатыларға жолдайды. Соттың жұмысы мен беделі көп ретте сот отырысы хатшысының жұмысты дұрыс ұйымдастыра білуіне, жауапкершілігіне, біліктілігі мен ұқыптылығына байланысты. Соған байланысты соттың хатшылары азаматтық және қылмыстық істерін жүргізуді, азаматтық кодекс, азаматтық процесстік кодекс, қылмыстық процесстік кодекс және тағы басқа салаларға қатысты заңдарды неғұрлым терең игеруге зор мүмкіндік алып, өздерінің кәсіби және зияткерлік деңгейін жетілдіреді. Судьяның уақытты тиімді пайдаланып, өнімді жұмыс жасауы сот хатшысының біліктілігіне, іскерлігіне тікелей байланысты. Сот процестеріне қатысып, білікті заңгерлердің жұмыс тәсіліне қанығып, іс материалдарымен танысып жүрген маман қаралған даулар бойынша өзіндік талдау жасап, өзінше ой түйеді. Мемлекеттік қызметкер мәртебесін қолдап отыру үшін барлық мемлекеттік қызметкерлер секілді сот отырысының хатшыларына да қойылатын талаптар әр дайым жоғарылап отырады. Соттың іс жүргізуге қатысты ішкі тәртіптері ішін ара өзгеріп отырады. Атап айтқанда, сот отырысының хатшысы сот жүйесіндегі маңызды буын болып табылады. Ауыртпалыққа қарамастан, сот отырысының хатшылары өз міндеттеріне мұқият, атқарушы және жауапкершілікпен қарауы керек. Соттың жұмысымен имиджі сот отырысы хатшысының дұрыс ұйымдастырылған жұмысына оның жауапкершілігіне, сауаттылығына, адалдығымен дәлдігіне байланысты.

Ернар Жусупов
Шыңғырлау аудандық сотының
бас маман-сот отырысының хатшысы

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...

ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТТЫҢ БЕЛСЕНДІ РӨЛІ

Елімізде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік...

Сотқа құрметтемеушілік білдірген – жауапкершілікке әкеледі

Қазақстан Республикасының заңнамасында сотқа құрметтемеушілік білдірген тұлғаларға қатысты жауапкершілік...

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар...

Почему нам нужны государственные центры медиации?

Считаю, что давно назрела необходимость создать государственные центры медиации...