Синоптиктер бірнеше өңірде 40 градустан жоғары ыстық болатынын ескертті

«Қазгидромет» синоптиктері 20, 21 және 22 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері Қазақстан аумағында циклондық әрекет күшейеді. Соған байланысты жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел мен дауыл күтіледі. Тек елдің шығысында, 20-21 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

«Күшті жаңбыр 20 мамыр түнінде Батыс Қазақстан облысында, 22 мамыр күні Ақтөбе облысында жаууы мүмкін. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі. Ал оңтүстік-батыс пен шығыс өңірлерде тұман түседі», – делінген хабарламада.

Қазақстандағы ауа температурасы қалай өзгереді?

Батыс пен солтүстік-батыста: күндізгі температура 18-28 градустан 15-25 градусқа дейін төмендейді;
Солтүстікте: күндіз 20-26 градустан 20-29 градусқа дейін көтеріледі;
Орталық пен шығыста: 20-28 градустан 22-33 градусқа дейін көтеріледі;
Оңтүстікте: 25-35 градустан 28-38 градусқа дейін ыстық болады;
Оңтүстік-шығыста: 22-30 градустан 30-38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.
Мамырдағы ауа райы қандай болады?

Бұған дейін «Қазгидромет» мамыр айындағы ауа райы жайлы мәлімет берген еді. Синоптиктердің болжамынша, көктемнің соңғы айында елдің басым бөлігінде ауа температурасы қалыптыдан 1 градус жоғары болады.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.