12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Синоптиктер аптап ыстыққа байланысты ескерту жасады

Синоптиктер 10 маусымда республиканың басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, найзағай, күңдіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша қатты ыстық 36 градус күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, күндіз дауыл күтіледі. Шығыстан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші облысының батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Қызылорда облысында күндіз облыс бойынша 35-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде 15-20, екпіні 23 м/с.

Абай облысының облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Талдықорған қ.: 10 маусымда күндіз 34-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупы сақталады.

Астанада күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Бюджетные реформы: что ожидать?

МАЖИЛИС ПАРЛАМЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН УТВЕРДИЛ ПРОЕКТ РЕСПУБЛИКАНСКОГО БЮДЖЕТА НА 2026-2028 ГОДЫ. ПРЕДСТАВЛЕННЫЙ ДОКУМЕНТ ЗАФИКСИРОВАЛ СУЩЕСТВЕННЫЙ ДЕФИЦИТ И ПРОДЕМОНСТРИРОВАЛ НЕСОГЛАСОВАННОСТЬ МЕЖДУ ЗАЯВЛЕННОЙ СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКОЙ И РЕАЛЬНЫМ ФИНАНСОВЫМ ОБЕСПЕЧЕНИЕМ, ОСОБЕННО В ОТНОШЕНИИ ПОВЫШЕНИЯ МИНИМАЛЬНОЙ ЗАРАБОТНОЙ ПЛАТЫ.

Елімізде үш жылда мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 2 есе өсті

Қазақстанда мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысы үш жылда екі есе өсті.

Тоқаев Республика күні қарсаңында бір топ азаматты марапаттады

Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

Ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтар кімдерге берілді?

Президент Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы жарлыққа қол қойды.

Шағын бизнес алдағы үш жылда тексеруден босатылады

Үкімет жаңа Салық кодексіне біртіндеп көшу мақсатында шағын және микробизнес өкілдеріне қатысты алдыңғы жылдардағы салық тексерістерінен бас тарту туралы шешім қабылдады.