Шымкентте ректордың қамауға алынуы: ҚМА жаңа мәлімет берді

Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетовтің ұсталуына қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабы бойынша, ректорға қатысты тергеуді Шымкент Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр.

«Шымкент бойынша Экономикалық тергеу департаменті Оңтүстік Қазақстан университетінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр», — деп хабарлады ҚМА.

Агенттік соталды тергеп-тексеру деректері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы шеңберінде жария етілмейтінін қосты. Олар прокурордың рұқсатымен, егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға байланысты болмаса, мүмкін деп танылатын көлемде ғана жария етілуі мүмкін.

Еске салайық, қыркүйектің аяғында Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетов екі айға қамауға алынғаны белгілі болды.

Ресми деректерге сүйенсек, Шымкенттің мамандандырылған тергеу соты күдікті Қайрат Нұрманбетовке қатысты кепіл мөлшерін айқындамай, екі ай мерзімге, яғни 2024 жылғы 18 қыркүйектен 2024 жылғы 18 қарашаға дейін «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Осыған ұқсас бұлтартпау шарасы тағы екі күдікті Т. Б. мен Б. У-ға қатысты таңдалған.

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...

Ерлан Қарин референдумда дауыс берді: «Бүгін маңызды күн»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жаңа Конституция бойынша...

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.