Шымкент әкімінің орынбасары Берденовке шабуыл жасалды: атқан адам ұсталды

Шымкент әкімнің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалды. Полиция департаменті өкілдері осы жағдайға пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір оған қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр», — деп жазылған хабарламада.

Полиция мәліметінше, қылмысты жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады», — деді полиция.

Берденов туралы не белгілі?

Ол 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді.

  • Еңбек жолын 2005 жылы «Алматы құс» ААҚ («Сеймар» тобы) компаниясының бөлшек сауда директоры қызметінен бастады.
  • 2007 жылғы ақпан — 2010 жылғы шілде Procter & Gamble компаниясының бас логистикалық үйлестірушісі.
  • 2010 жылғы шілде — 2012 жылғы қараша Eastcomtrans ЖШС жылжымалы құрамды жалдау бөлімінің бастығы.
  • 2012 жылғы қараша — 2018 жылғы мамыр «Ақ ниет» ЖШС бас директоры.
  • 2018 жылғы қараша — 2019 жылғы сәуір «Ақ ниет» ЖШС байқау кеңесінің мүшесі.
  • 2019 жылғы сәуір — 2023 жылғы наурыз Aq niet Group байқау кеңесі төрағасының орынбасары.
  • 2023 жылғы 29 наурыздан бастап Respublica партиясының партиялық тізімі бойынша VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.
  • 2023 жылғы наурыздан бастап VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып Respublica партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды.
  • Биыл Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.