12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Шри-Ланка мемлекеттік төңкерістің алдын алды

Шри-Ланка билігі «Араб көктемі» стиліндегі мемлекеттік төңкерістің алдын алды. Ел басшылығын түсіру әрекеті коменданттық сағат пен қоғамдық орындарда жиналуға тыйым салынғанына қарамастан ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Colombo Gazette сайтына сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, Батыс провинцияда сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін 664 адам қамауға алынған. Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса наразылық акциялары аясында елде төтенше жағдай режимін енгізді. Сондай-ақ, аралда коменданттық сағат жарияланды, барлық әлеуметтік желі бұғатталды.

Шри-Ланка коронавирус пандемиясына байланысты экономикалық дағдарысты бастан кешіп жатыр, туризмнің құлдырауына байланысты шетел валютасының күрт төмендеуі елдегі отын тапшылығына әкелді. Аралда азық-түлік пен қажетті заттардың жетіспеушілігі байқалады. Мемлекеттің көптеген ауданында үнемі электр қуаты сөніп қалады.

Араб көктемі — 2010 жылдары араб әлемінің көп бөлігінде болған үкіметке қарсы наразылықтар мен қарулы көтерілістер. Ол сыбайлас жемқорлық пен экономикалық тоқырауға жауап ретінде басталған, алғашқысы Тунисте болды. Әрі қарай наразылықтар Ливия, Мысыр, Йемен, Сирия және Бахрейнге жетті, онда ел басшылығы құлатылды немесе ірі көтерілістер, соның ішінде тәртіпсіздіктер, азаматтық соғыс я көтерілістер болды.

Еске салайық, бұған дейін Шри-Ланкада наразылықтарға байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...