ШҚО да бір жыл көлемінде 70-тен астам алкогольді заттар және 100-ге жуық телефонды мекемеге кіргізбек болған

Департаменттің баспасөз хатшысы әділет майоры Салтанат Ожиканованың мәліметіне сүйенсек ШҚО-да түрмедегілерге жыл көлемінде ұялы телефондар, ішімдік және тропикомид сынды тыйым салынған заттар өткізбек болған. Жалпы тыйым салынған заттар жазасын өтеп жүрген азаматтарға келген сәлемдемелердің арасына жасырын түрде әкелінген болса, енді бірі мекеме қоршауынан мекеме аумағына қарай лақтырмақ болған.

Тыйым салынған заттарды өткізбек болған азаматтар мекем қызметкерлерімен ұсталып, әрқайсысына хаттама толтырылып, әкімшілік жазаға тартылу үшін материалдар жиналып сотқа жолданған.

Мысалы, түрмедегі досымен қысқа мерзімді кездесуге келген ер адам газдалған сусын бөтелкесіне алкогольді ішімдікті құйып, ішке кіргізбек болған. Алайда бұл ойын іске асыра алмады. Мекеме қызметкерлері жеке заттарын тексеру кезінде жоғары градустық сусынды тауып, тәркілеген.

«№22 түзету мекемесінің қызметкерлері азамат өзімен бірге алып келген пакетті мұқият тексерген. Сөмкеде қоңыр түсті төрт пластикалық бөтелке және тәттілер болған. Ер адам тәртіп сақшыларын алдамақ болып, ішімдікті газдалған минералды су деп қабылдайды деп сенген. Алайда бөтелкеден алкогольдің иісі шығып, аталған заттар тәркіленді», — делінген ақпаратта.

Сондай-ақ жеке гигиена заттарының арасына жұбайының телефонын салып, түрмеге апармақ болған әйел анықталды.

«33 жастағы тұрғын омыраудағы баласы және анасымен бірге №17 түзету мекемесінде отырған күйеуімен кездесуге келді. Тексеру барысында жол сөмкесінің ішкі қалтасынан жеке гигиена құралдары бар заттардың ішінен SIM карта салынған смартфон табылды. Әйелдің айтуынша, ол заттардың арасында телефон бар екенін ұмытып кеткен. Аталған фактіге сәйкес тыйым салынған заттарды режимдік аумаққа кіргізу әрекеті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл заңбұзушылыққа қатысты материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілген», — деді Департамент баспасөз хатшысы әділет майоры Салтанат Ожиканова.

В области Абай подписан меморандум о сотрудничестве по ресоциализации осужденных

Департамент уголовно-исполнительной системы по области Абай подписал меморандум о...

Абай облысында сотталғандарды қайта әлеуметтендіру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті «ЛУЧ» қайта әлеуметтендіру...

ҚАЖ қызметкерлері Ауған соғысының ардагерімен кездесті

Абай облысында қауіпсіздігі ең төмен мекеме қызметкерлері ауруханадан шыққан...

Сотрудники УИС навестили ветерана Афганской войны после его выздоровления

В области Абай сотрудники учреждения минимальной безопасности навестили ветерана...

Милосердие в месяц Рамазан: сотрудники ДУИС по области Абай оказали помощь многодетной семье

В священный месяц Рамазан, который символизирует милосердие, сострадание и...