Шерзат Болаттың өлімі: сот онлайн көрсетілуі мүмкін бе?

Заңгер Данияр Байғабатов Шерзат Болаттың ісіне қатысты сот процесінің ашық және онлайн режимде өтуіне қатысты сұраққа жауап берді, –деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Заңгердің сөзінше, процестің ашық өтуі бірнеше факторға байланысты. Ең алдымен процесті онлайн өткізу үшін техникалық мүмкіндіктер бар-жоғы қарастырылады. Мұндай істерде қоғамдық резонанс та әсер етуі мүмкін.  

Данияр Байғабатов егер жәбірленуші тарап – Шерзаттың ата-анасы процесті онлайн, ашық өткізуге өтініш берсе және трансляция жүргізуге техникалық мүмкіндік болса, Жоғарғы сот тарапынан рұқсат берілуі мүмкін екенін айтады. 

«Заң бойынша БАҚ өкілдері қатыса алатын және қарапайым азаматтар онлайн көре алатын ашық сот процестерін өткізуге болады. Алайда егер айыпталушылар түрлерінің трансляцияда таралып кетуіне қарсы шықса, ол процестің онлайн өтуі немесе өтпеуі туралы шешім қабылдауда әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда айыпталушылардың түрі трансляциядан көрсетілмеуі мүмкін», – дейді Байғабатов. 

Одан бөлек, заңгердің сөзінше, кейбір жағдайда егер айыпталушылар немесе олардың адвокаттары сотты жабық өткізуге өтініш берсе, сот трансляцияны өткізбей қоюы мүмкін. 

«Процесс кезінде судья трансляция жүргізуге қатысты нақты шешім шығарады. Себебі айыпталушылардың да конституциялық құқығы бар», – дейді заңгер.  

Қазіргі таңда іс әлі сотқа жеткен жоқ. Себебі тергеу амалдары әлі жүргізіліп жатыр. Заңгердің айтуынша, тергеу амалдары ұзаққа созылуы мүмкін, себебі бұл іске қатысты күдікті адам саны көп және сараптама көп жүргізіп, күдіктілерден жауап алынуы керек.  

Айта кетейік, 4 қазанға қараған түні Талғарда жантүршігерлік қылмыс болды. Қолында пышақ пен қаруы бар бір топ жігіт 16 жастағы Шерзат, әкесі мен ағасына шабуыл жасаған. 

Шерзаттың әкесі жалға дүкен алып, сауда жасаумен айналысатын. Арты өліммен аяқталған төбелес осы дүкеннен басталған. Бір жігіт дүкенге келіп, сыра алып, ақшасын төлемей кете барған. Шерзаттың әкесі сыраның ақшасын төлеуді талап еткен кезде жанжал туындаған.

Шерзат осы сәтте клиенттің дүкеннен шығып кетуін сұраған. Бірақ сыра алған жігіт достарына қоңырау соғып, дүкенге үш көлікпен бір топ жігіт келген. Бір топ жігіт Шерзатты тепкілей бастаған. Бұл сәтті тұрғындар видеоға түсіріп алған. 10-сыныпта оқитын Шерзат ата-анасының дүкеніне кездейсоқ келген. Суық қарумен келген бұзақылар ешкімді аямапты. Қансыраған бір отбасының мүшелері ауруханаға жеткізілген. Көп ұзамай Шерзат жансақтау бөлімінде көз жұмған. Қаза тапқан жігіттің ата-анасы полицейлер оқиғаға қатысты адамның бәрін ұстамағанын айтып, дабыл қаққан. 

Алматы облысының полиция департаменті кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Оқиғаның барлық қатысушылары ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Облыстық прокуратура өкілдері бұл оқиға жіті бақылауда екенін хабарлады. 

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...

Ерлан Қарин референдумда дауыс берді: «Бүгін маңызды күн»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жаңа Конституция бойынша...

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.