12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ШҚО да ҚАЖ қызметкерлері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойын атап өтті

ШҚО ҚАЖ қызметкерлері Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына орай мекеменің жас қызметкерлері арасында викториналық сайыс өткізді.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өту үшін мекеменің жас қызметкерлеріне викториналық сұрақтар дайындалып, жастардың тарихымызды қаншалықты меңгергендіктерін анықтау еді.

Сайыс барысында жас буынның Ахмет Байтұрсынұлы ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі, халқымыздың бейбіт те берекелі өмір сүруі үшін аянбай еңбек еткен, сол жолда басын бәйгеге тігіп, «тар жол, тайғақ кешуден» өткен тұғырлы қайраткер екенін еске алды.

Сонымен қатар Алаш баласының сауатын ашып, елімізді өркениетті мемлекеттердің қатарына қосуды мақсат тұтқанын, «Жұрт ұқпаса, ұқпасын жабықпаймын. Ел – бүгіншіл, Менікі – ертең үшін» деген Ахмет Байтұрсынұлы болашақ ұрпақ үшін қызмет еткенін атап өтті.

«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық дамудың талай жыл тот басып қараусыз қалған тегершігін айналдырып, үздіксіз қозғалысқа қосып берген ертегінің ерлеріндей ерен тұлға. Туған халқының рухани жаңғыруын тап ондай біліп, сол жолда қалтқысыз қызмет етіп, мәңгі ескірмейтін мол мұра қосқан қайраткер қазақ даласында кемде кем», деді жас буын.

Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары...

Облыс прокуратурасының қызметкерлері жаза өтеудегі тұлғалармен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдық...

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...