ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері Спорт күнін атап өтті

Семей қаласы ОВ-156/15 мекемесінің қызметкерлері Қазақстанда Спорт күнін мерекелеу құрметіне «Полиция эстафетасын» өткізді.

Жыл сайын Қазақстанда спорт күні тамыздың үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Қазақстанда спорт күні Президенттің 2003 жылғы қарашадағы Жарлығымен бекітілді.

Мереке қарсаңында ҚАЖ қызметкерлері бөлімдер арасында «Полиция эстафетасын» ұйымдастырып, соған қатысты. Команда құрамында төрт адамнан 300 метр қашықтыққа жүгіруді орындады, содан кейін Макаров пистолетін бөлшектеп, құрастырды және 100 метр қашықтыққа жүгірді, содан кейін 200 метр қашықтыққа бронежилетте және касада жүгірді. Әрі қарай 400 метр қашықтыққа кедергілермен жүгірді.

«Жас қызметкерлердің жан-жақты дамуына деген қармқорлық әрқашан назарда. Тұлға дамуының өте маңызды құрамдас бөлігі- физиологиялық жетілу, жақсы денсаулық, темперамент, ептілік, күш, төзімділік. Бұл іс-шараның басты мақсаты-жеке құрамның дене шынықтыру деңгейін арттыру, атыс қаруын қолдану дағдыларын жетілдіру, дене шынықтыру және спортпен тұрақты шұғылдануды кеңінен насихаттау, достық байланыстарын нығайту. Сондай-ақ, ҚАЖ жас қызметкерлерінің жауынгерлік рухы мен патриоттық сезімін дамыту»,- деп атап өтті кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы жөніндегі аға инспектор Ильяс Капашев.

Жүлделі бірінші орын алған команда дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.   

Осуждённым учреждения №20 оказана правовая помощь в области Абай

В учреждении №20 уголовно-исполнительной системы по области Абай проведено...

Болашақ заңгерлерге Абай облысында қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысы ішінен көрсетілді

Абай облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің...

№20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған іс-шара өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің №20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Дүниежүзілік күлкі күні атап өтілді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Дүниежүзілік күлкі күніне...

В женской колонии области Абай отметили Всемирный день смеха

В учреждении уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялось праздничное...