12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сержант қыздың жырлары

Қалжан Жұлдыз ЗК-169/1 тергеу изоляторында бақылаушы қызметінде.

Тал шыбықтай бұралған ару, нәзіктігіне қарамай тегеурінді тергеу изоляторында ерлермен иық тірестіре еңбек етіп келеді.

Жаны нәзік болғанмен, талабы таудай жас, арманшыл, қиялшыл ғана емес, қайтсем еліме пайдамды тигізсем деп, ұлтжанды болып өсті.

Ұлтжандылығы сол да, бүгінде міне ел қауіпсіздігін қорғау жолында, тәуелсіз еліміздегі тыныштықты сақтауға өз үлесін қосып келеді.

Антына адал, сертіне берік жігіттерден қалыспай, тергеу мекемесіндегі өз қызметтік міндетін мінсіз атқаруда. Ал, арманшылдығы мен жүйрік қиялы оны өзгелерден ерекшелендіріп тұрады. Өйткені ол тым сезімтал. Содан болар сержант қыз айнласындағыларға қамқорлықпен, аса зор мейіріммен қарайды.

Айына бір рет қаламыздағы қарттар үйіне барып,ондағы қариялармен әңгімелесіп, кітап оқып беріп, көңілдерін аулап жүреді.

Сондай шақтардың бірінен туған өзек жарды жырын оқыңыздар.

Қарт ана отыр самай шашы ағарған

Үнсіз ғана жетелей ме ақ арман ?!

Мұңды көздер сыр шертеді жай ғана,

Құр кеуде боп, үміт оты жоғалған.
Сұxбаттастым, аруанамен тілдестім,

Келе бермейд(і)мені ,іздеп күнде ешкім
Е, шырағым, өткен күндер келмес күн
Деген сөзді күрсініп айтты қарт ана.

Осылайша бастап кетті әңгімесін,

Түсіндіріп біздерге жан кемесін.

Мынау тұрған қарттардың үйі деді,

Осында өтіп жатыр таңғы елесім.
Мұнда әкеліп тастады балаларым,
Мәңгілікке кеткен соң, қара шалым.
Үлкейгенде түсінер жайымызды
Баптап баққан, ұл-қызым дараларым.

Үнсіз ғана аруананы ұғындым,

Тұл бойымда шырылдады құлын жыр

Қолды
жайып,жаратқаннан тіледім,

Ұрпағына анасының қасиетін ұғындыр.

Өлеңге әркімнің де, бар таласы демекші, осылайша, өмірдің өзін өлеңге айналдырған погондағы арудың бұдан басқа да тақырыпта жазғандары көп.

Бірі туған қаласына, бірі достарына, әрине жас болған соң, махаббат, табиғат лирикаларына да қалам сілтеген.

Ол өлеңдерін алдағы уақытта жариялармыз.

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...

Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінде жазғы спартакиада

Түзеу мекемесінде сотталғандар арасында көптеген қатысушыларды жинаған дәстүрлі жазғы...

Летняя спартакиада в исправительном учреждении №20 ДУИС по области Абай

В исправительном учреждении прошла традиционная летняя спартакиада, собравшая большое...

ҚАЖ қызметкерлері Конституция күніне орай сенбілік ұйымдастырды.

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясы...