12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Сервис-АСТ» ісі: Сот талапкер арызын қанағаттандырмады

Астанадағы Назарбаев әуежайы төрт жыл қатарынан ақша айырбастау қызметінде жұмыс істеп келген «Сервис-АСТ» ЖШС орнын белгісіз себеппен басқа бәсекелес компанияға берген болатын. Бұл заңсыздықтан соң «Сервис-АСТ» құқығын қорғап, сотқа жүгініп, өз пайдасына шешкен.


Алайда, әуежай әкімшілігі мен «Байлық финанс» ЖШС-нің сот шешімін орындауға асықпағаны, тіпті бұл тұрғыда мардымды жауап бермегені «Сервис-АСТ» өкілдерін 2024 жылдың 2 сәуірі мен 2025 жылдың 2 маусымы аралығында уысынынан шығарып алған пайданы өндіріп алу туралы талап-арыз түсіруге түрткі болады. Осылайша, Астана әуежайынан 129 млн 833 мың, «Байлық финанс» ЖШС-нен 63 млн 989 мың теңгені өндіріп алу бойынша өткен сот процесі соңына жетіп, бүгін үкім шықты.


Сот шешімін оқыған судья Айжан Әбенова: «Сервис-АСТ» ЖШС түсірген арызын сот қанағаттандырусыз қалдырды. Компания ұсынған салықтық декралациялар мен есептер сәйкес келмейді. Екіншіден, сот отырысы барысында Астана әуежайы «Сервис-АСТ» ЖШС-не орын ұсынғаны айқындалды. Арызданушы өз еркімен бұл орында жұмыс істеуден бас тартқан.


«Азаматтық кодексте» уыстан шығарылған пайда тек кіріс пен шығысқа ғана қатысты емес, арызданушы уыстан шығарылған пайда шығынын азайту үшін барлық әрекетті жүзеге асырмаған. «Сервис-АСТ» №2 кассадан №1 кассаға ауысқан. Осылайша, №1 касса тоқтамай жұмыс істеп тұрған. Сондықтан уыстан шығарылған пайданы өндіру бойынша талап еткен сома толықтай қанағаттандырусыз қалдырылады», – деді судья Айжан Әбенова.
Ал «Сервис-АСТ» ЖШС қорғаушысы Алма Мусина сот шешімімен келіспейді. Оның айуынша, сот компанияның талап-арызын қанағаттандырған жоқ. «Біз мұнымен келіспейміз. Судья Айжан Әбенова «Эксперттер уыстан шығарылған пайданы дұрыс есептеген жоқ. Салықтық декларацияны есепке алмаған», – деді. Егер сот «Талап еткен ақшаларың дұрыс емес, экспертиза дұрыс жасалмаған» десе, онда өзі есептеп немесе қосымша экспертизаны өзі тағайындау керек еді. Немесе дәлелдеген сомаға жартылай қанағаттандыруы тиіс еді.
Екіншіден, «Әуежай басқа орын берген, бірақ одан «Сервис-АСТ» бас тартқан», – деді. Бұл да дұрыс емес. Біз бас тартқан туралы ешқандай акт жоқ. Себебі, бізде соттың «Әуежай әкімдігі бұрын жұмыс істеп тұрған орынды қайтарсын» деген 2025 жылы 16 сәуірде шыққан шешімі бар. Егер әуежай ол орынды бізге берсе, сот мұндай шешім шығармас еді. Соттың бұл долбарымен келіспейміз.


Үшінші, «Азаматтық кодекстің» 557-бабының 3-тармағы бойынша «Сервис-АСТ» ЖШС уыстан шығарылған ақшаны талап етуге құқылы. Сондықтан компания апелляциялық шағым түсіреді», – деді адвокат А.Мусина.

«Сервис-АСТ» ісі: Сарапшылар өз қорытындысын ұсынды

Астанадағы Назарбаев әуежайы төрт жылдан бері тұрақты жалға алу...

Экспертиза поневоле: за попытку насильно отправить инвалида на освидетельствование никого не наказали

История инвалида второй группы Данияра Койбагарова из Алматы приобретает...

Дене жарақатын алған Қойбағаровтың арызы неге қаралмады?

Бұған дейін спорттық киім киген үш жігіттің Алматы қаласының...

Yandex Qazaqstan ең қолжетімді колонкасы – Сағатсыз Станция Лайт 2 сатылымға шыққанын жариялады

Қазақстанда Алиса жасанды интеллект-ассистентімен жабдықталған ең қолжетімді колонка –...