12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Серік Аббас-Шах:»Ол кісінің басынан түспей келе жатқан қасіретті бастарыңызға бермесін»

Нұрғали Нүсіпжанов ұлды болыпты деп бүкіл желі шулап жатыр екен. Әнші ағамыздың сыр бөлісер інілерінің бірі ретінде мынаны айтқым келеді.
1. Ағамыздың отбасындағы “қуанышты оқиға” жайлы (кешелі бері елге тарап жатқан) хабар ойдан шығарылған,
2. Болашақта осы оқиға шынға айналып, бір-бірімізден сүйінші сұрайтын күнге жетейік (Құдай қаласа)! Бірақ әзірге болмаған нәрсені болды демей ақ қояйық.
3. Шығу төркінін тексерместен жалған жаңалық таратқан Алматы ТV арнасы мен оны басқаратын мол тәжірибелі ханымның осы жағдайға қатысты іс-әрекеттерін түсіне алмай отырмын.
4. Жүрегіне бірнеше рет ота жасалған Нұрғали ағамыздың қатаң күтімде жүргенін және оның көңілін (жүрегін) ештеңеге алаңдатуға болмайтынын «Paparazzi» жобасындағы қыз-жігіттер мен Алматы ТV ұжымына ескерткім келеді.
Р.S. Қалбалақтап әрең жүрген қарияға бірдеңе болып қалса, обалы кімге? Неге оны аямайсыздар? Жоқ жерден хайп жасап, ол кісінің күрделі тағдырын талқылаудан басқа тақырып қалмады ма (сіздерде)?
Р.S. Нұржан Жалауқызы, сіз басқаратын арнаның эфирінде тарап, сосын әлеуметтік желі арқылы көпшілік қауымға жеткен жалған хабарды теріске шығарып, үлкен ағамыздан ғафу өтінген дұрыс қой деп ойлаймын. Ол кісінің басынан түспей келе жатқан қасіретті бастарыңызға бермесін. Бар мәселе (сіздер ойлағандай) ұл бала сүюге тіреліп тұрған жоқ.
Бүгін сіздер көңілі таза, мінезі момын ағамыздың ғұмырлық арманын табанға салып таптап жатырсыздар, ертең өз тағдырыңыз дәл осылай талқымазақ болмайтынына кім кепіл?

ДЕЙСТВЕННЫЕ ИНСТРУМЕНТЫ РЕШЕНИЯ ПРОБЛЕМ

ЖИВЯ В ДЕМОКРАТИЧЕСКОМ, СВЕТСКОМ И ПРАВОВОМ ГОСУДАРСТВЕ, ГРАЖДАНЕ ЧАСТО...

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №79 мекемесінде ашық есік күні өтті

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Атырау...

Балалар колониясында Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Алматы қаласының ҚАЖ Департаментіне қарасты №11 мекемесінде  кәмелетке толмаған...

Республикалық репродуктивті денсаулық апталығын қорытындыладық — Аида Балаева

Құрметті достар! Жуырда біз болашақ ұрпақтың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін...

Нархоз университетінде жасанды интеллект пен үлкен деректерге арналған халықаралық конференция өтті

2025 жылғы 16 мамырда Алматы қаласындағы Нархоз университетінде «Цифрлық...