Семейде футбол төрешісі 5 тәулікке қамауға алынды 

Семейдегі матч кезінде орын алған оқиға үшін футбол төрешісі Арман Есмұратов 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сотта анықталғандай, оқиға 2026 жылдың 14 маусымында «Спартак» стадионында «Елімай» және «Ордабасы» клубтары арасындағы ойын барысында болған.

Іс материалдарына сәйкес, Есмұратов пен стадиондағы жағдайдың тағы бір қатысушысы арасындағы жанжал кезінде төреші қоғамдық орында және көрермендердің көзінше балағат сөздер айтып, әдепсіз қимылдар көрсеткен.

Сот бұл оқиғаның бірнеше айғақпен — бейнежазбалармен, куәгерлер мен жәбірленушінің түсініктемелерімен, полиция материалдарымен бірден бекітілгенін атап өтті.

Отырыс барысында тараптардың уәждері тыңдалып, содан кейін сот Арман Есмұратовтың әрекеттерінде ұсақ бұзақылық құрамы бар деген қорытындыға келді.

Жағдайды ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Тек сот төрешінің соңғы бір жыл ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, бірақ бұдан тиісті нәтиже шығармағанын ескерді. Құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық резонансты ескере отырып, сот 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жазаны тағайындады, — деп хабарлады Абай облысы сотының баспасөз қызметі. 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.