12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Семей қаласының №21 мекемесінде патриоттық жүгіру өтті

Семей қаласының N 21 мекемесінде патриоттық жүгіру өтті. Шара мекеме қызметкерлерін ұлттық бірлік пен Отанға деген мақтаныш рухында біріктірді.
Іс-шараның мақсаты – патриоттық тәрбие беру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Әнұранының мәнін терең түсінуге және құрметтеуге тәрбиелеу.
Жарысқа қатысушылар мемлекеттік рәміздермен және патриоттық ұрандармен безендірілген алдын ала дайындалған маршруттан өтті. Басталу алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалды, содан кейін мекеме бастығы жиналғандарға бұл мерекенің мемлекеттік бірегейлікті нығайтудағы маңызы туралы сөзімен бастады.
Қазақстан халқының тарихы мен салт-дәстүрін құрметтеуге, салауатты өмір салтын насихаттауға баса назар аударылды. Жарыс жылы, достық атмосферада өтті. Әрбір қатысушыға символикалық жалау табыс етілді. Олар 5 және 10 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.
Іс-шара топтық фотосессия және белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табыстаумен аяқталды.

-Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің бұл форматы өскелең ұрпақтың өз елі үшін мақтаныш сезімін дамытуға ықпал етеді, бірлік пен Отанға деген сүйіспеншілік рухын нығайтады.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері әрқашан рухтың, күш-қуаттың және ел бірлігінің қайнар көзі болып қала берсін! -деп бөлісті мекеме бастығының орынбасары Рүстем Берлібеков.

Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік цирк әртістері балалар колониясында өнер көрсетті

Алматы қаласы  ҚАЖ Департаменті №11 мекемесінде кәмелетке толмаған жазасын...

Ашық есік күні

2025 жылғы 05 маусымда сотталғандардың туыстарымен әлеуметтік байланысты қолдау...

День открытых дверей

05 июня 2025 года был проведен «День открытых дверей»...

№11 мекемесінде кәмелетке толмаған жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында шахматтан турнир өтті

Алматы қаласы  ҚАЖ Департаменті №11 мекемесінде кәмелетке толмаған жазасын...

Сотрудники УИС провели акцию «День милосердия и добра»

В области Абай сотрудники учреждения смешанной безопасности в дни...