12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Selinograd jastary» атты слет өтті

Целиноград ауданы мәдениет үйінде жергілікті атқарушы органдар және жастар ресурстық орталығы Целиноград ауданы пробация қызметі Целиноград ауданы полиция бөлімі қатысуымен «Selinograd jastary» атты слеті өтті.

Бұл жиынға Целиноград ауданы пробация қызметінде есепте тұрған жастарда қатысты. Целиноград ауданы пробация қызметі есебінде 223 сотталған есепте тұр. Оның ішінде 1-сотталған кәмелеттік жасқа толмаған. 18-29 жас аралығындағы сотталғандардың саны — 38 — сотталған.

Бүгінгі таңда аталмыш сотталғандармен пробация тарапынан және де жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе профилактикалық жұмыстар өткізілуде. Сотталғандарды қайта әлеуметтендiру, әлеуметтiк пайдалы байланыстарды сақтау және қолдау, әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетілуде.
Жастар кез келген сәтте еліміздің өсіп-өркендеуі жолында, өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне араласып, белсенділік таныта білуі керек.
Біз болашақты қалай құрамыз, қандай игі істерді атқарамыз, деген сұрақтарға бүгіннен бастап жауап іздеуіміз қажет. Бүгінгі жастар форумы да осындай түйіткілді мәселелерді шешуге арналған.
Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алған дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.
 

Абай облысы бойынша ҚАЖД қауіпсіздігі орташа мекемесінде қате таңдау бағасы туралы фильмдер көрсетілді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде...

№79 мекемесінде жазасын өтеуші сотталған азаматшалар арасында «Мисс Пампушка» байқауы өтті

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті №79 мекемесінде жазасын өтеуші...