12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сапалы сот төрелігі

Өткен жылы күзде Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған ел Президенті сот шешімдерінің сапасын арттыруға, бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыруды қамтамасыз етуге, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізуге және сот саласын одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру жөнінде тапсырмалар берген болатын. Жалпы сот төрелігін заман талабына сай жаңғырту елімізде жылдар бойы үздіксіз жүргізіліп келеді. Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов та өткен жылды сот төрелігінің сапасы жылы ретінде жариялағаны баршамызға белгілі.

Көп жағдайда азаматтар сот залынан сот актісін түсінбей шығады, бұл жағдай негізсіз апелляциялық шағымдардың көбейуіне әкеліп соғады. Жоғарыда көрсетіліп кеткен нормативтік қаулыларға енгізілген жаңалықтарға сәйкес қазіргі уақытта төрағалық етуші сот шешімін жариялап болған соң міндетті түрде оған түсіндірме жасайды. Яғни нақты айтқанда судья қарапайым тілмен тараптарға істің мән-жайын, мазмұнын және сот шешімін түсіндіреді. Осы өзгерістер арқылы халық пен сот арасында алтын көпір орнауда. Жалпы сот жүйесіндегі жасалып жатқан өзгерістер мен заңнамаларды жетілдірудегі басты мақсат біреу ғана. Ол — сот төрелігін сапалы жүзеге асыру. Бұл — барлық сатыдағы соттарға тән әрі ортақ міндет. Сондай-ақ еліміз соңғы жылдары республиканың сот жүйесіне заманауи сот технологиялары енгізілуде. Сот жұмысының тәжірибесіне интернет жетістіктерін енгізу, басқа да техникалық жаңалықтарды пайдалану, сот төрелігін іске асырудың сапасы мен жеделдігін жақсартады, оң имидж қалыптастырады, азаматтардың сот төрелігіне қол жеткізуін жеңілдетеді. Сот жүйесінде қазіргі заманғы технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, бюрократиялық кедергілерді жояды, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады, бұл сыбайлас жемқорлыққа ұшыраудың төмендеуіне ықпал етеді.

Қашанда сот шешімі – судья жұмысының, білімінің, біліктілігінің көрсеткіші. Сот актілері – қазы қызметінің ең түпкі нәтижесі. Ал ол нәтиженің әділ, сапалы шешілуі ғана емес, тараптарға түсінікті тілде жазылуы да маңызды. Сот шешімі – сот жұмысының айнасы, үшінші биліктің беделін көтеретін, судья қабілетінің талапқа сай екенін аңғартатын тетік. Сондықтан  сот актілерінің дер кезінде жазылуына белгіленген уақытта тараптар қолына табысталуына ғана емес оның тіліне, сауатты ресімделуіне, қарапайым тілмен жазылуына, ойды нақты жеткізе білуіне көңіл аударылуы шарт. Әрдайым тараптар сот актілерінен өз сауалдарына жауап беретін мәтінді көргісі келеді. Бұл өте орынды, қалыпты үрдіс.

Омаров Фаррух Усманович, Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының судьясы

 

Ұзақ жыл мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға көмектесетін құндылықтар

       Мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасқан кезде айлығым 4000 теңгеге...

Еліміздің Ата Заңына 30 жыл!

Биыл Ата заңымыздың қабылданғанына – 30 жыл. Қазақстан Конституциясы...

Сот кабинетінің ерекшелігі

Қазіргі уақытта ғылым мен техника қарыштап, дамыған елдерде қағазбастылықтан...

Қарамола ережесі: Абайдың әділетпен өрілген аманаты

Бүгінгі мақаламда, ұлы ақын, ойшыл ғалым, әрі ағартушы Абай...

АРЫЗ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕТІК БІЛЕТІН ТІЛІНДЕ ӘЗІРЛЕНУ КЕРЕК

Қазақ тілінің әкімшілік сот ісін жүргізуде Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодекстің...