Санжарды сан соқтырған оқиға

Көлік жуу бекетінде администратор боп жұмыс жасаған Санжар (есімі өзгертілді) өз өмірінде орын алған қателік үшін өкінетінін айтады. Абайсызда адам өлтіріп, 18 жылға бас бостандығынан айрылған ол бүгінде мерзімінің 9 жылын өтеген. Алайда кейіпкеріміз өткенге оралғысы келмей, оқиға барысын баяндаудан бас тартты.

-Бұл маған берілген санақ. Бойымдағы күш-жігерімді, білімімді елге жұмсайтын уақытта абақтыда отырмын. Мұнда келгенде жасым 22 де болатын. 37 жаста босатылады екем. Оңай емес әрине. Дегенмен жақсылықтан үміттімін. Мерзімімді аяқтап әке-шешемнің жанына барсам, шаңырақ көтерсем, өзімнің жеке кәсібімді ашсам деймін. Мұнда өндірістік аймақта жұмыс жасап жүрмін. Кәсіптік мектепте оқып, сантехник, сварщик мамандығы бойынша 2 диплом алдым. Түрме деген аты болмаса дәл сол бостандықтағыдай өзіне тән тіршілігі бар. Жалқаулар екі қолын қалтасына салып бос жүрсе, ал өмірін өзгертуді қалайтындар, еңбекқұмарлар өндірістік аймақтағы әртүрлі цехтарда еңбек етеді. Ең бастысы адамның өзінде өмірге деген құштарлық басым болса жасаған қателігінен сабақ алып, нәтиже шығара алады,- деді Санжар жүзінен үміт сәулесі ұшқындап.

Кейіпкеріміз Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітіріп, мемлекеттік мекемелерде экономист боп қызмет атқарған. Кейінен жеке кәсіпке бет бұрып, әпкесінің көлік жуу бекетіне администратор болады. Өмірінің қиын сәттері осында басталған екен.

Р/S:
ЗК-169/5 мекемесі бойынша тәрбие бөлімінің бастығы, әділет майоры Алтынбек Өскенбаев Санжардың тәртібі, қызметкерлермен қарым-қатынасы жақсы екенін жеткізді. Мекеме тарапынан марапаттаулар алып жүр.

ЗК-169/5 мекемесі

Қызылорда облысы

Милосердие в месяц Рамазан: сотрудники ДУИС по области Абай оказали помощь многодетной семье

В священный месяц Рамазан, который символизирует милосердие, сострадание и...

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...

Абай облысы ҚАЖ әйел қызметкерлері 8 наурыз қарсаңында марапатталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотрудники УИС по области Абай провели «Бьюти День» для представительниц старшего поколения в Семее

В преддверии Международного женского дня сотрудники Департамента уголовно-исполнительной системы...