Самат Әбішке сот үкімі шықты — депутат

ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш қаңтар оқиғасы бойынша 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Facebook-парақшасында жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның сөзінше, үкім 26 ақпанда шыққан.

«26 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбіш жабық соттың шешімімен 8 жылға шартты түрде сотталды», — деп жазды Бапи.

Айта кетейік, Самат Әбіштің үстінен Қылмыстық кодексі 362-бабы 4-бөлігі бойынша («Билікті немесе лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану») қылмыстық іс қозғалған болатын.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.