Салтанат Нүкенова ісі бойынша сотталған Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады 

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев мәлімдеді.

Байжановқа рақымшылық жасау туралы заң қолданылды.

Степногорск қалалық сотының отырысы өтіп, онда Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасау туралы заңды қолдану және оны дереу босату жөнінде қаулы шығарылды, – деді адвокат.

Ғазиз Ынтықбаевтың айтуынша, босатуға 2026 жылғы 1 шілдеде қабылданған жаңа Конституцияға байланысты қабылданған Рақымшылық жасау туралы заң негіз болған.

Мұнда үш негізгі талап ескерілді: сотталғанның теріс мінез-құлық дәрежесінің болмауы, өтелмеген материалдық залалдың болмауы және жазаның өтелмеген мерзімінің бір жылдан аз болуы, – деп түсіндірді адвокат.

31 жастағы Салтанат Нүкенова 2023 жылғы 9 қарашада көз жұмды. Оның мәйіті Астанадағы «Bao» мейрамханасынан табылған.

Еске салайық, 2024 жылдың маусымында күшіне енген сот үкіміне сәйкес, Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Байжановқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасыру) және 434-бабы (аса ауыр қылмыс туралы анық белгілі ақпаратты хабарламау) бойынша айып тағылған еді. Сот оны аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп таныды. Алайда Байжанов өзіне шығарылған үкімнің заңсыз екенін бірнеше рет мәлімдеген.

2025 жылдың шілде айында Байжанов рақымшылыққа байланысты жазасын қысқарту туралы өтініш бергені белгілі болды.

2025 жылғы тамыз айында ол рақымшылыққа ілігіп, түрмеде отыру мерзімі қысқарған еді.

Ал 2026 жылдың мамыр айында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты Бақытжан Байжановқа қатысты шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.