12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Саладағы реформалар халық мүддесін көздейді

Ел халқының өмірі мен құқықтарын, бостандығын, заңды мүдделерін
қорғауға Ата Заңмен кепілдік берілген. Жүйе жұмысын цифрландыру
нәтижесінде сот жұмысы ашықтыққа тиімді қол жеткізуде. «Ең жақсы
заңдар – әділ заңдар» демекші, тек әділ заң ғана қоғамда құқық тәртібінің
негізін қалайды. Сот жүйесін ұдайы жетілдіріп, саладағы реформаларды
сапалы жүзеге асыру заң үстемдігін қамтамасыз етудегі бірден-бір жол
саналады. Сондықтан, адам құқығы мінсіз сақталатын жаңа Қазақстан құру
мақсатына жетуде қара қылды қақ жаратын әділ сот жүйесін
қалыптастырудың маңызы зор.

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі
туралы заң сот төрелігінің сапалы атқарылуына, сондай-ақ, судьялар
корпусының кәсіби деңгейі мен тәуелсіздігін одан әрі арттыруға
бағытталған. Судьялар сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз, тек Конституция
мен заңға ғана бағынады және олар нақты істер бойынша есеп бермейді. Бұл
мемлекетік органдар мен қоғамдық ұйымдар немесе лауазымды адамдар
тарапынан судьяларға ықпал жасау мүмкіндігін болдырмайды.
Азаматтық процестік кодекспен судьяның процестік рөлі нақты
көрсетілген. Мәселен, заңмен көзделген жағдайда судья кейбір мәселелерді
жеке сот актісін қабылдамай шешеді. Азаматтық процестік кодекстің 15-
бабымен айқындалғандай, сот іс жүргізу барысында тараптың уәжді
өтінішхаты немесе өз бастамасы бойынша іс материалдарын жинап,
зерттейді және тараптар дәлелдерінің негізділігін, ұсынылған
дәлелдемелердің анықтығын тексеріп, қажетті шараларды қабылдайды әрі
азаматтық сот ісін жүргізу міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған өзге де
әрекеттерді орындайды. Бұған қоса тараптардың келісімімен азаматтық істі
соттылығы бойынша бір соттың іс жүргізуінен алып, басқа сотқа беру туралы
ұйғарым дереу орындалуға жатады.
Жалпы алғанда сот ісі тараптардың жарыспалылығы мен тең
құқықтылығы негізінде жүргізіледі. Сондай-ақ, тараптардың істің мән-
жайларын толық және объективті зерттеуге арналған процестік құқықтарын
іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасалады. Республика соттарында
жаңа технологиялар кеңінен қолданылуда, соған орай соттарда ақпараттық
сервистерді пайдалану тетіктері күннен-күнге жетілдіріліп жатыр. Сот
қызметіне жүгінушілерге электронды жүйе арқылы өз істерінің қай сатыда
екенін көру, сондай-ақ, оларды қарау тәртібімен және азаматтық істер
бойынша жүргізілген дыбыс-бейне жазбалармен танысу, сотқа келмей-ақ өз
арыз-шағымдарын тіркеу мүмкіндігі берілген.
Өткен жылдан бері ел тұрғындары өздерінің құқықтары мен
бостандықтарын қорғауда Ата Заңға қайшы келетін нормаларға шағымдарын
Конституциялық Сотқа тікелей бере алатын болды. Мұның бәрі өз кезегінде
сот төрелігінің әділдігін қамтамасыз етеді.


Канапьянова Асель,
Алмалы аудандық No2 сотының судьясы

Алматы қаласы

Судья көмекшілерінің көмегі көп

Сот жұмысын жандандыратын, судьялар жұмысын оңтайландыратын бастамалар аз емес....

Медиацияның тиімді тұсы көп

Елде даудың көбеюі халықтың бірлігіне салқынын тигізеді. Дау артқан...

Дербес кассациялық соттар – азаматтар сенімінің кепілі

Азаматтар өз құқығы мен бостандығының мінсіз қорғалғанын, сапалы қаралғанын...

Медиация әділ шешім негізі

Соңғы жылдары еліміздің сот жүйесінде медиация кеңінен қолданыла бастады....

Дәлелдемелер дер уақытында ұсынылуы тиіс

Азаматтық процестік кодекстің 73-бабында дәлелдемелерді ұсыну нормалары көрсетілген. Мұны...