Сайран көлінде Қызыл кітапқа енген аққұтан өлтірілген: полиция мән-жайды анықтап жатыр

Алматы полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған «Сайран көлінде Қызыл кітапқа енген аққұтан өлтірілді» деген хабарламаға қатысты түсінік берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Алматы полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, мән-жайы анықталып жатқанын хабарлайды», — деп мәлімдеді ведомство.

Жануарлар құқығын қорғаушы Наталья Сульжик Facebook желісінде Сайран көлінде Қызыл кітапқа енген аққұтан атылғанын хабарлады.

Құс ветеринарлық емханаға жеткізілді. Алайда, жануарлар құқығын қорғаушы мен ветеринарлар қанша тырысқанымен, құс тірі қалмады.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.