Сайран көлінде тәртіп күшейтілді: 20 тұрғын әкімшілік жазаға тартылды

Күрделі жаңғырту жұмыстары аяқталмай жатып, айналасын қоқыс басқан Сайранның жағдайы Алматы әкімінің ашуын туғызды. Дархан Сатыбалды жағажайды тазарту үшін мердігерге соңғы рет ескерту жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «КТК» телеарнасына сілтеме жасап. 

Қала басшысы аппарат кеңесінің отырысында Сайран көлінің санитария жағдайына ерекше назар аударған, құқықбұзушыларға бақылау жүргізіп, қатаң шара қолданбаған басқармаларды қатаң сынға алған. Аудан әкімдеріне қаланың проблемалы учаскелерін қоқыстан тазартып, бітелген арықтарды ретке келтіру тапсырылған.

Жаңғыртылып жатқан Сайранда жұрттың суға түсу маусымы басталып кеткен. Көбі ішкен сусыны мен жеген тамағының қалдықтарын отырған жерінде тастап кетеді. Соның салдарынан жағажайды қоқыс басып, көркі кете бастапты.

Айта кетейік, жасанды көл маусымнан бастап пайдалануға беріледі деп жоспарланғанымен, абаттандыру әлі жалғасып жатыр. Полицейлер кеше көл жағасында рейд ұйымдастырып, тұрғындарға ескерту жасаған.

Алдымен олар түсіндіру жұмыстарын жүргізген, енді жазалай бастапты. Қоқыс тастаған 20 адамға айыппұл салынған. Олар 19,5 мың теңгеден төлейді.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.