Сайлау-2022: алдын ала нәтиже шықты

Орталық сайлау комиссиясының кезектен тыс президент сайлауы бойынша алдын ала нәтижесі шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде дауыстарды санау аяқталған. Сайлауға құқылы 11 953 465 адамның 8 300 046-сы дауыс берген.

ОСК нәтижесі бойынша:

Қарақат Әбден — 2,06 пайыз дауыс (206 206);
Нұрлан Әуесбаев — 2,22 пайыз дауыс (176 116 адам);
Жигули Дайрабаев — 3,42 пайыз дауыс (271 641 адам);
Мейрам Қажыкен — 2,53 пайыз дауыс (200 907 адам);
Қасым-Жомарт Тоқаев — 81,31 пайыз дауыс (6 456 392 адам);
Салтанат Тұрсынбекова — 2,12 пайыз дауыс жинады (168 731 адам).

460 484 адам не 5,08 пайыз адам бәріне қарсы жауап берген.

Еске салайық, 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Exit-poll нәтижесі бойынша, оның ішінде, «Ашық қоғам» институты жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша кезекті exit poll қорытындысы бойынша:

Қарақат Әбден — 2,54 пайыз дауыс;
Нұрлан Әуесбаев — 2,17 пайыз дауыс;
Жигули Дайрабаев — 3,33 пайыз дауыс;
Мейрам Қажыкен — 2,23 пайыз дауыс;
Қасым-Жомарт Тоқаев — 82,45 пайыз дауыс;
Салтанат Тұрсынбекова — 2,08 пайыз дауыс жинады.

5,2 пайыз адам «бәріне қарсы» дауыс берген.

Ал «Қоғамдық саясат» институты деректері бойынша:

Қарақат Әбден — 2,61 пайыз дауыс;
Нұрлан Әуесбаев — 1,93 пайыз дауыс;
Жигули Дайрабаев — 2,67 пайыз дауыс;
Мейрам Қажыкен — 2,43 пайыз дауыс;
Қасым-Жомарт Тоқаев — 85,52 пайыз дауыс;
Салтанат Тұрсынбекова — 1,44 пайыз дауыс жинады.

3,40 пайыз адам бәріне қарсы жауап берген.

Қазақстан дәрі-дәрмегі Ауғанстан нарығына шығуы мүмкін 

2025 жылы Қазақстанның фармацевтикалық өнім экспорты 17,8 пайызға өсті. Енді отандық өндірушілер өнім жеткізу географиясын кеңейтіп, Ауғанстан нарығына шығуды көздеп отыр.

Жұмыс қысқара ма, мүмкіндік көбейе ме: ЖИ еңбек нарығын қалай өзгертеді? 

Жасанды интеллект бірнеше минутта мәтін жазып, есеп дайындап, көлемді...

Астана халқының саны 2 миллионға жуықтады 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан халқы 133 707 адамға өсті. 1 қазанда ел тұрғындарының жалпы саны 20 633 529 адам болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс озаттарына мемлекеттік наградалар табыстады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» акционерлік қоғамының бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады.

2 қарашада Қазақстанның бірнеше қаласында жаңбыр мен қар жауады

Қазақстанның бес қаласында 2 қарашада жаңбыр жауады, оның үшеуінде жаңбыр қарға ұласады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.