12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

SABA Group KZ: Біз сатып алған жер телімі қаланың бас жоспарына сай келеді

Бұған дейін Алматыдағы Академқалашық тұрғындары үйлерінің маңында жаңа ғимарат салуға қарсы шыққан болатын.
«Біз бұл жобаның жүзеге асырылуына үзілді-кесілді қарсымыз! Құрылыс біздің үйлерге өте жақын жерде жүргізілмек. Жобаның сызбасына қарағанда, жаңа ғимараттар барлық бос жерді түгел алып қояды. Бұл жер телімі жер сілкінісі қаупі жоғары тектоникалық жарылыс аймағына тым жақын орналасқан. Сондықтан бұған дейін мұнда құрылыс салуға рұқсат берілмеген болатын. Қазір бұл аумақта жүзден астам ағаш өсіп тұр.
Әл-Фараби даңғылы қазірдің өзінде түрлі тұрғын және іскерлік кешендермен тығыз толы. Бұл қаламыздағы негізгі көлік жолдарының бірі. Жаңа бизнес-орталық салудың еш қажеті жоқ, өйткені ол көлік қозғалысын одан әрі қиындатып, экологиялық және тұрмыстық жағдайды нашарлатады», – делінген Академқалашық тұрғындарының үндеуінде.


Әңгіме «Әл-Фараби іскерлік орталығы» деп аталатын ауқымды жоба туралы болып отыр. Жобалық сызбаға сәйкес, бұл кешеннің құрамына бизнес-орталық, апарт-отельдер және басқа да коммерциялық нысандар кіреді.


Тұрғындар көтерген мәселеге орай журналистерге түсініктеме берген SABA Group KZ компаниясы басшылығы жоба құрылысы жайында мән-жайды тәптіштеп айтып берді.
SABA Group KZ компаниясының президенті Ілияс Карбозовтың айтуынша, бұл жоба қонақүй бизнесін дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар тізіміне енгізілген. Жоба аясында екі деңгейлі үлкен жерасты автотұрағы бар бизнес-орталық салу көзделген.


«Бұл жоба жаңа жұмыс орындарын ашып, шамамен 1 500 адамды қамтамасыз етеді және өзінің ерекше сәулеттік шешімімен қаланың келбетін айшықтайтын бірегей нысан болмақ. Жергілікті бюджетке қаншама салық түседі», – деді компания басшысы.


Сондай-ақ, ол аталған жер телімі ешқандай шектеу аймағына кірмейтінін жеткізді. «Президент қаланың жоғарғы бөлігінде, яғни Әл-Фараби даңғылынан жоғары аумақта құрылыс жүргізуге мораторий енгізген. Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы №4/727 қаулысына сәйкес, биік ғимараттар салуға болмайтын шектеулі құрылыс аймағына Әл-Фараби даңғылынан жоғары орналасқан жерлер жатады. Біздің жер теліміміз қоғамдық-іскерлік аймаққа кіретін болған соң қаланың бас жоспарына сай келеді. Деталды жоспарлау жобасы мен жердің нысаналы мақсаты да бас жоспарға сәйкес.


Бұл телім тектоникалық жарылыс аймағында орналаспаған. Алматы қаласы бойынша жарылыстар сызбасына сәйкес, жарылыс сызығы біздің учаскемізден жоғарырақ, яғни «Әл-Фараби» жобасынан оңтүстікте өтеді», – деді Ілияс Карбозов.
Расында да, Алматы қаласының сейсмикалық жарылыстар картасына сәйкес, осы аумақтағы тектоникалық жарық сызығы Әл-Фараби даңғылынан жоғарырақ өтеді. Осы тұрғыда компания басшылығы тұрғындармен туындаған дауға қатысты не дейді?


«Бұл жерде тұрғындар дегенде жалпылама айтуға болмайды. Себебі, оншақты адам ғана наразылық танытып жүр. Жеке мүддесін қорғауға тырысқан олар компанияға қарсы ақпараттық шабуыл жасап, жоба туралы деректерді бұрмалап, қоғам арасында теріс пікір қалыптастыруға ұмтылуда. Жер телімі академқалашықтың ішінде емес. Біз болашақта құрылыс жұмысы басталғанда ескеру үшін әр үйдің өкілімен кездесіп, қандай өтініші, мәселесі, сұранысы бар екенін сұрадық. Бұл жағынан тәжірибе жеткілікті, – дейді.
Компанияның түсіндіруінше, 1,2491 гектарды алатын жер телімі 2025 жылдың қазан айында қомақты ақшаға сатып алынған. Содан кейін бірден тұрғындармен кездесу өткізіліп, жобаның бас жоспары таныстырылыпты.


«Қазіргі уақытта ешқандай құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Бас жоспар мен деталды жоспарлау жобасы Алматы қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген. Учаске осы бекітілген жоспарлармен және нысаналы мақсаты бар құжаттармен бірге сатып алынды. 2025 жылдың қазан айынан бері ешқандай өзгерістер енгізілген жоқ», – деді Ал SABA Group KZ директорлар кеңесінің мүшесі Қайрат Даниев.


«Бізде дәл қазір рұқсат қағаз бар деп айта алмаймыз. Жобаны өзгертіп, қайтадан сараптамадан өтіп, қаулы аламыз. Ал жобаны 2026 жылдың бірінші, екінші тоқсанында бастап, бір жарым жылда бітіреміз. Келесі аптада Алматы әкімдігінен өкілдер келіп тұрғындармен кездесу өткізеді. Дегенмен, қала әкімдігі бұған дейін бәрі заңды екендігін айтты», – дейді.


Айта кету керек, сәрсенбі күні өткен брифингте Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов осы мәселеге қатысты сұраққа:
«Аталған нысан біздің барлық қала құрылысы құжаттарына сай келеді. Қазіргі уақытта оның заңдылығына қатысты ешқандай күмән жоқ. Дегенмен, әзірге компания барлық өтінімдерімен толық бізге келіп үлгерген жоқ. Алдын ала айтқанда, бұл жобаны жүзеге асыруға олардың құқығы бар, өйткені ол біздің бас жоспар мен деталды жоспарлау жобасына (ДЖЖ) сәйкес келеді. Онда кеңселер мен қонақүй салу көзделген. Сондықтан тұрғындардың пікірін және біздің талаптарды ескере отырып, бұл жобаны жүзеге асыруға құқығы бар деп санаймыз» деп жауап берген болатын.

«Адем» сауда үйінің кәсіпкерлері «Алматы паркинг» компаниясының әрекетіне неге қарсы?

Алматы қаласындағы «Адем-3» сауда үйінің кәсіпкерлері өздерінің бизнесіне қауіп...

Стройка раздора: что на самом деле строят в Академгородке?

В Алматы жителей Академгородка не на шутку встревожило строительство...

«Сервис-АСТ» ісі: Сот талапкер арызын қанағаттандырмады

Астанадағы Назарбаев әуежайы төрт жыл қатарынан ақша айырбастау қызметінде...

«Сервис-АСТ» ісі: Сарапшылар өз қорытындысын ұсынды

Астанадағы Назарбаев әуежайы төрт жылдан бері тұрақты жалға алу...