СҚО полицейлері ауыл тұрғынынан иір ойықты қару тәркіледі

Айыртау ауданының полиция қызметкерлері ойық қаруды заңсыз сақтау жөніндегі материалды сотқа тапсырды. Аудан тұрғыны 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тәртіп сақшылары маусым айында өткізген «Жол-көлік оқиғасына жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 53 жасар ауыл тұрғынының басқаруындағы ГАЗ-31-105 Волга автомобилін тексеру үшін тоқтатқан. Полицейлер көліктің артқы орындығынан шағын калибрлі мылтық пен оның патрондарын анықтаған, олардың бірі оқталған күйде болған. Ауыл тұрғынының айтуынша, бірнеше күн бұрын ол қаруды тауып алған. Ойық қаруды заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екендігін білмеген. Сараптама бұл қарудың калибрі 5,6 мм., «ТОЗ-8» мылтық екендігін көрсетті.

Баптың санкциясы 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайтын айыппұлдан 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын көздейді, – деді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов. – Қаруды заңсыз сақтау қауіпті. Оқыс оқиғалардан, сондай-ақ қару қолданумен жасалатын қылмыстардан аулақ болу үшін тілкелмеген қаруды полицияға ерікті түрде өткізген жөн. Жыл басынан бері 11 адам осылай жасады. Олардың бәрі заңсыз сақтау үшін көзделген жауапкершіліктен босатылды».

СҚО ПД баспасөз қызметі

Осуждённым учреждения №20 оказана правовая помощь в области Абай

В учреждении №20 уголовно-исполнительной системы по области Абай проведено...

Болашақ заңгерлерге Абай облысында қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысы ішінен көрсетілді

Абай облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің...

№20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған іс-шара өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің №20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Дүниежүзілік күлкі күні атап өтілді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Дүниежүзілік күлкі күніне...

В женской колонии области Абай отметили Всемирный день смеха

В учреждении уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялось праздничное...