Сания СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің ЕС – 164/6 (әйелдер колониясы) мекемесінде ұсталуда, 4 жылға ұрлық жасағаны үшін сотталған.
Мен Дәулетпен ортақ достарымыз арқылы таныстым. Танысқан уақытта ол Астанада тұрды, мен СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінде жазамды өтеп жаттым. Дәулет менің суретімді достарымнан көріп, маған кездесуге келе бастады, маған бірнеше рет қысқа мерзімді кездесуге келді, таныстық, сөйлестік, біз бір жылдан астам уақыт сөйлестік, таксофон бойынша да хабарласып тұрдық, жақында ол маған ұсыныс жасады. Ол маған гүл сыйлады, бұл өмірімдегі қуанышты күндердің бірі болды. Менің бұрынғы некемнен балаларым бар, мен балалардың толыққанды отбасында өскенін қалаймын. Мен әйелмін, мен де қолдау мен жылуды сезінгім келеді. Мен оның қасында өзімді сабырлы сезінемін. Дәулет өте сабырлы, мейірімді адам. Менің ойымша, ол менің балаларым үшін жақсы әке бола алады. Қазір мен 35 жастамын, ол 41 жаста. Біз онымен аптасына бір рет 15 минут қоңырау шалу арқылы байланысып тұрамыз. Ол маған кездесуге келеді. Әрине, мен оның маған ұсыныс жасайтынын күттім. Себебі ол бірінші рет келгенде, бірден маған жанашырлық, қамқорлық көрсетті. Ол мені күтетінін айтты. Менің мерзімімнің соңына дейін тағы 3 жыл бар. Біздің некеміз бүгін, 15 Сәуірде, осындай жарқын мерекеде тіркелгені мен үшін үлкен қуаныш. Бүгін мен өзімді шын бақытты әйел ретінде сезіндім, — дейді сотталған Сания.
Мекемелерде некеге тұру сирек жағдай емес. Көптеген жағдайларда бас бостандығынан айыру орындарында жасалған неке сотталғандарға оң әсер етеді. Олар сотталғанды мерзімінен бұрын босатуға ынталандырады, — СҚО бойынша ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Рустан Ахметжанов.
2022 жылы Солтүстік Қазақстан облысының мекемелерінде сотталғандар арасында 4 неке қиылды, биылғы жылы әйелдер мекемесінде бұл некеге түру – бірінші.
СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі