12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Рухани орда өкілі жеке құраммен Сыбайлас жемқорлық бойынша әңгіме өткізді

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.

Яғни, мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің шегінде өздерінің кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті деп көрсетілген.

Осы орайда, кадр саясат тобының ұйымдастыруымен, ЗК-169/1 Республикалық мемлекеттік мекемесіндегі қызметкерлер арасында « Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастырудағы руханилық және адамгершілік тақырыбында» « Төлен ата» мешітінің бас имамы Бисембаев Ғалымжан Оразұлының қатысуымен іс-шара өтті.

Рухани ордадан келген қонақ, жемқорлықтың шариғаттағы үкімі жайлы тереңірек айтып түсіндірді.

  • Ислам діні – жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жеке тұлғалық және ұжыммен бірлесе жүзеге асырған болатын. Сондай-ақ, шариғаттағы жемқорлықтың үкімі – харам. Яғни, үзілді-кесілді тыйым салынған.Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) шын жүректен сыйлық беруді және алуды өсиет еткен.

Алайда, мемлекет қызметкерлеріне сыйлықтар берілген жағдайда, қызметін асыра пайдалану мүмкін болғаны үшін құқық қорғаушы лауазымдағы азаматтарға сыйлық алуға тыйым салынған. Бұндай сыйлықтар, адал еңбектің артына жасырынған арам табыс деп бағаланғаны жайында риуаяттар кездеседі

Бірде Расулалла Абдуллаһ ибн Рабаханы яһудилерге құрма бақтың салығын төлеуге жібереді. Сонда яһудилер Абдуллаһты параға жыққысы келіп, оған түрлі сыйлық ұсынады. Олардың бұл ісіне ол: «Сендердің параларың заңсыз. Сондықтан біз оны қабыл етпейміз» -деп жауап береді.

Міне,сондықтанда мекеменің жеке құрамын жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру үшін оларды саналы түрде адамгершілік қасиетімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, пара сұрамау, пара бермеу, мемлекеттің мүлкіне қол сұқпауына шақырды.

  • Ия, Сыбайлас жемқорлық белең алған мемлекет дамымайды, өркендемейді. Сол үшін мықты мемлекет пен бірлігі бекем ел болуымыз үшін адалдыққа жол беруіміз керек, сонда ғана өсеміз, дамыймыз – деді, кездесуді қорытындылаған мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры А.Битаев.

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...

Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінде жазғы спартакиада

Түзеу мекемесінде сотталғандар арасында көптеген қатысушыларды жинаған дәстүрлі жазғы...

Летняя спартакиада в исправительном учреждении №20 ДУИС по области Абай

В исправительном учреждении прошла традиционная летняя спартакиада, собравшая большое...

ҚАЖ қызметкерлері Конституция күніне орай сенбілік ұйымдастырды.

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясы...