Республикалық репродуктивті денсаулық апталығын қорытындыладық — Аида Балаева

Құрметті достар!

Жуырда біз болашақ ұрпақтың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды ақпараттық-ағартушылық науқан – Республикалық репродуктивті денсаулық апталығын қорытындыладық.

12–16 мамыр аралығында өткен бұл науқан Мемлекет басшысы жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен екінші жыл қатарынан жүзеге асырылды.

Биылғы ақпараттық апталық аясында отбасын жоспарлау, ерлер мен әйелдер денсаулығы, адам папилломасы вирусының және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу сынды маңызды тақырыптарға ерекше көңіл бөлінді.

Апталық барысында 20 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылып, шамамен 500 мың адамды қамтыды. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп көрсеткіш. Әлеуметтік желілерде апталық хэштегтерімен 360 мыңға жуық жазба жарияланды. Бұқаралық ақпарат құралдарында 1,5 мыңнан астам материал жарық көрді. Сонымен қатар 78 мыңнан астам тегін кеңес беріліп, 8 мыңнан аса ЖЖБИ/АИТВ бойынша тестілеу жүргізілді.

Бұл нәтижелер — Ұлттық комиссия мүшелерінің, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сарапшылық және ғылыми қауымдастықтардың бірлескен қажырлы еңбегінің арқасы.

Науқанға белсенді атсалысқан барша әріптестерге — Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің мамандарына, сондай-ақ БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы қоры (ЮНФПА), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ), ЮНЕСКО сияқты халықаралық серіктестерімізге және отандық үкіметтік емес ұйымдарға — КАРМ, Saulyq LIFE, YPEER, Ұлттық волонтерлік желі мен басқа да серіктестерімізге шынайы алғысымды білдіремін.

Біз ортақ мақсат — келешек ұрпақтың саулығы үшін тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимыл үлгісін көрсете алдық.

Тағы да баршаңызға үлкен рақмет!

Ұлттық комиссия репродуктивті денсаулық мәдениетін дамыту ісін басты назарда ұстап келеді және бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да белсенді түрде жалғасады. Себебі тек ақпараттандырылған, денсаулық мәселелері жайлы ашық сөйлесе алатын әрі саналы шешім қабылдайтын қоғам ғана дені сау ұрпақты тәрбиелей алады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева

Тегеран Түркия, Әзербайжан мен Кипрге жасалған шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасады

Иран қарулы күштері Кипр, Түркия және Әзербайжанға шабуыл жасаған жоқ. Бұл туралы брифинг барысында Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағаи мәлімдеді.

Воспитанник досугового центра «Барыс» стал серебряным призёром турнира ASKHATOV OPEN

Воспитанник досугового центра «Барыс» Избакиев Тимур завоевал серебряную медаль...

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағын тіс емдеуге қолдана алмайды

Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 15 ақпандағы "Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа өзгеріс енгізіп жатыр. Бұл өзгерісте зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалануға тыйым салу көзделеді.

Қазақстан Парламентінің болашағы туралы

Президент бір палаталы Парламентке көшу мәселесін талқылауды ұсынды. Бұл...

Жануарларға жауапкершілікпен қарайық!

Ит пен мысық сияқты үй жануарлары мен қар барысы,...