Ресейлік әнші Қазақстанда есірткі контрабандасына қатысты күдікпен ұсталды

Қырғызстаннан Қазақстанға өтпек болған ресейлік әнші Navai Жамбыл облысындағы «Қордай» өткізу бекетінде ұсталды. Оның көлігін тексеру кезінде есірткі заты табылған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«13 қазанда «Қордай» өткізу бекетінде полиция қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Navai сахналық есімімен танымал шетел азаматын ұстады. Ол мінген көлікті тексеру кезінде есірткі заты табылып, тәркіленді», делінген полицияның хабарламасында.

Аталған дерек бойынша есірткі заттарының контрабандасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция әзірге оқиғаның өзге мән-жайын жариялаған жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін халықаралық іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды.

Между угрозой и трагедией 

УБИЙСТВА ЖЕНЩИН, СОВЕРШЕННЫЕ СУПРУГАМИ, СТАВЯТ ВОПРОС О ТОМ, НАСКОЛЬКО ЭФФЕКТИВНО В КАЗАХСТАНЕ РАБОТАЕТ СИСТЕМА ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ СЕМЕЙНО-БЫТОВОГО НАСИЛИЯ. ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО УЖЕСТОЧАЕТСЯ, ПОЛИЦИЯ ВЫНОСИТ ТЫСЯЧИ ЗАЩИТНЫХ ПРЕДПИСАНИЙ, ОДНАКО ТРАГЕДИИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ. ДЕПУТАТЫ ПРЕДЛАГАЮТ НОВЫЕ СПОСОБЫ ВМЕШАТЕЛЬСТВА НА РАННЕЙ СТАДИИ – КОГДА УГРОЗЫ И ПРЕСЛЕДОВАНИЕ ЕЩЕ МОЖНО ОСТАНОВИТЬ.

Елімізде жүк көліктері үшін жол ақысы өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда коммерциялық жүк көліктерінің жол ақысын төлеу жүйесін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Қандас мәртебесін алғысы келетіндер нені білуі керек? 

Қазақстанға көшуді жоспарлаған этникалық қазақ қандас мәртебесіне өтініш беруді неден бастайды? Биылғы пилоттық тәртіп бойынша алдымен қазақ тілінен тест тапсырып, сауалнама толтыру және әңгімелесуден өту қажет.

Мұнай бағасы апта қорытындысы бойынша күрт арзандауы мүмкін 

Brent маркалы мұнай бағасы бір аптада шамамен 12%-ға төмендеуі ықтимал.

Су тапшылығы: Қазақстанға қауіп бар ма? 

Қазақстанда су тапшылығы қаупі қаншалықты жоғары және алдағы жылдары елді қандай жағдай күтіп тұр?