Ресейге кіру тәртібі өзгереді: Қазақстандықтарға жаңа талап енгізіледі 

Қазақстандықтар үшін Ресейге кірудің жаңа тәртібі енгізіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

СІМ мәліметінше, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ресейге жұмыс істеуге немесе білім алуға баратын Қазақстан азаматтары ruID мобильді қосымшасын пайдалануы тиіс.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ресей Федерациясына жұмыс істеу немесе оқу мақсатында баратын Қазақстан азаматтарына қосымша талаптар енгізіледі. Атап айтқанда, азаматтар ruID мобильді қосымшасында жеке профиль ашып, Ресейге кіруге арналған электронды өтініш беруі қажет, – деді Ерлан Жетібаев ведомствода өткен баспасөз брифингінде.

Оның айтуынша, өтініш мемлекеттік шекараны кесіп өтуден кемінде 72 сағат бұрын жолдануы керек.

Өтініш қаралғаннан кейін қосымшада Ресей аумағына кіру құқығын растайтын жеке QR-код қалыптастырылады. Аталған QR-код өтініш берілген күннен бастап 90 күн бойы жарамды болады, – деп нақтылады СІМ ресми өкілі.

Министрлік қазақстандықтарға жаңа талаптармен алдын ала танысып, Ресейге сапарды жоспарлау кезінде өзгерістерді ескеруге кеңес берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Анкарадағы Этимесгут әуежайында Қазақстан Президентін Режеп Тайип Ердоғанның өзі қарсы алды.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...