Ресей мен Украина арасындағы келіссөз қашан басталатыны белгілі болды

Ресей мен Украина делегациясының Беларусьтегі кездесуі дүйсенбіде, 28 ақпанда таңертең басталуы мүмкін, себебі Киев өкілдері республикаға Польша жақтан келуді шешкен. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне саясаткер Юрий Воскресенский айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Келіссөздер таңертең өтеді, себебі украиналық делегация түзу жолмен емес, Гомель және Польша арқылы «Варшава көпірі» бекетін өтіп келеді. Олар айналып келе жатыр», — деді саясаткер. 

Воскресенскийдің айтуынша, украиналық делегация құрамында 4-5 адам бар: СІМ басшысының орынбасары, әскери және саяси өкілдер, сондай-ақ «Слуга народа» фракциясының басшысы Давид Арахимия бар. 

Еске салайық, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресей өкілдерімен Балерусьте кездеспейтінін, оның орнына кездесуді Варшавада, Братиславада, Будапештте, Ыстамбұлда немесе Бакуде өткізуді ұсынған болатын. Артынша Зеленский келіссөзді Беларусьте өткізуге келісті. 

Кеше, 27 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский келіссөздер туралы пікір білдірген болатын. Зеленскийдің екіжақты келіссөз нәтижелі болатынына сенбейтінін, бірақ әрекет етіп көру керегін айтты. 

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.