12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ресей газынан Литва бірінші болып бас тартты

Литва Ресей газын импорттаудан бас тартты. Бұл туралы сол елдің Энергетика министрлігі хабарлады. Литва – мұндай шешімді ресми жариялаған ЕО-ның алғашқы елі.

«Ресей газынан толық энергетикалық тәуелсіздікке ұмтыла отырып, Ресейдің Еуропадағы энергетикалық шантажына және Украинадағы соғысқа жауап ретінде Литва Ресей газынан толығымен бас тартты: осы айдың басынан бастап литвалық газ тасымалдау жүйесі Ресей газын импорттамай жұмыс істейді», – делінген хабарламада.

Литва өз ішін Клайпеда терминалының сұйылтылған табиғи газымен қамтымақ.

«Бұл ұзақ мерзімді дәйекті энергетикалық саясаттың және уақтылы инфрақұрылымдық шешімдердің нәтижесі», – деп түсіндіреді жағдайды энергетика министрі Дайнюс Кравис.

Еуропа елдері арасында Ресей газынан бас тарту Ресейдің Украинаға шабуылынан кейін белсенді талқылана бастады.

Наурыздың соңында G7 елдері «ресейлік энергияға тәуелділікті азайту үшін қадамдар жасалып жатыр» деп мәлімдеді және газ бен мұнай өндіретін басқа елдерді «жауапкершілікпен әрекет етуге және халықаралық нарықтарға жеткізілімдерді арттыруға» шақырды. G7 басшылары сонымен бірге ресейлік отынға тәуелділікті азайтуды қалайтын басқа елдерге қолдау көрсететіндерін айтты.

Еуропа Ресейден табиғи газдың 40% — дан астамын алады. Ресей газына ең тәуелді – Германия (отынның үлесі 50% — дан асады).

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...