РАТТ мүшесі жазасын өтеушілермен кездесті

Қалалық қоғамдық даму бөлімінің «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған насихаттық шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Жігер» Қызылорда облысы бойынша мүгедектер қоғамдық бірлестігінің қолдауымен, Республикалық ақпарттық-түсіндіру тобының мүшесі Алдашбаев Сәкен Мінуарұлы «Рухани-адамгершілік құндылықтарды, ұлттық дәстүрлер мен мәденитетті насихатау», «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» тақырыбында ҚАЖ департаментіне қарасты №60 түзек мекемесінде болып, жазасын өтеушілермен топтық кездесу өткізді.

Кездесу барысында маман қазақ салт-дәстүрлерінің шығу тарихы жайында, кейбір дәстүрлердің дінге мүлде қатысы жоқ болса, тиісінше кейбір дәстүрлердің Ислам дінімен сабақтасып жатқандығын нақты дәлелдермен түсіндіріп берді. Мәселен, босағада тұрып керегені керу, тұсау кесу, қойдың омыртқасын немесе тұзды үйге ілу т.с.с дәстүрлердің дінмен еш байланысы жоқ болса, тасаттық беру, бейсенбі-жұма күндері жеті шелпек тарату сияқты дәстүрдің Ислам дінінен бастау алғандығын атап айтты.
Кездесу соңында С.Алдашбаев 3 жазасын өтеушіні жеке қабылдап, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап берді.


60 мекеме баспасөз қызметі

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...

Абай облысы ҚАЖ әйел қызметкерлері 8 наурыз қарсаңында марапатталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотрудники УИС по области Абай провели «Бьюти День» для представительниц старшего поколения в Семее

В преддверии Международного женского дня сотрудники Департамента уголовно-исполнительной системы...

Оказана благотворительная помощь со стороны службы пробации Аягозского района

В рамках священного месяца Рамазан службой пробации Аягозского района...