12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Рақымшылық жасау – ізгілікті іс

Адам болған соң қателеспей тұрмайды. Аяғын шалыс басып, орын толмас өкінішке ұрынып жататындар жетерлік. Жасаған қателігінен сабақ алып, сара жолға бет бұрғандарға жеңілдік жасап, кешірім беру ізгілікті іс. Осындай ізгілікті істің бірі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңы аясында жүзеге  асырылуда.

Аталған заңмен аса ауыр емес жəне ауырлығы орташа қылмыс үшін жазадан босату және кейбір ауыр, аса ауыр қылмыстар үшін жаза мерзімін қысқарту көзделген. Соған орай, рақымшылық онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандарға, кәмелеттік жасқа жетпегендерге, І, ІІ топтағы мүгедектерге, егде жастағыларға, жүкті әйелдерге, сондай-ақ,  18-ге толмаған баласы бар аналарға жасалады.

Заң талаптарын бұдан әрі нақтыласақ,  қылмыстық жауаптылық пен  негізгі жазадан теріс қылық пен онша ауыр емес қылмысқа барғандар, залал келтірмеген, залалды толық өтеген немесе азаматтық талап қойылмаған ауырлығы орташа қылмыс жасағандар босатылады. Бұл норма әлеуметтік осал топтағыларға залал мен талап-қоюдың бар-жоқтығына қарамай қолданылады. Сонымен қатар, осы санатқа жататын жазасы бітуіне бiр жыл уақыт қалғандар босатылады. Бірақ, олардың тәртібі ескеріледі.

3-бапта көрсетілгендей, негізгі жазаның мерзім-мөлшері қысқартылады. Мысалы, ауыр қылмыста жазасын өтеп жатқандар мен орындамағандар залал мен талап қою талаптарын толық өтесе  негізгі жазасының үштен бір бөлігі, ал, аса ауыр қылмыстар бойынша бір бөлігі қысқартылады.

Бұл тұрғыда ауыр қылмыс жасап жазасын өтеп жүрген немесе оны әлі орындамаған әлеуметтік осал топтағылардың негізгі жазасының өтелмеген не орындалмаған бөлігінің екіден бір бөлігі, ал, аса ауыр қылмыстарда төрттен бірі қысқартылады.

Осы заңның уақтылы жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың сотқа тиісті құжаттарды өткізуі міндетті. Яғни, жазаны өтеуден босату немесе мерзімін қысқарту туралы ұсыныс жасап, сот үкімі мен сот актілерінің көшірмелерін, сотталушының жеке немесе бақылау ісі, жаза жайлы мәліметтер, әлеуметтік осал топқа жатса оның мәртебесін растайтын құжаттар, т.б. өткізеді.

Осы тұста айта кетерлігі, Қазақстанда сотталғанымен жазасын басқа мемлекетте өтеп жатқандар мен жазасын өтеу үшін біздің елге берілгендерге  рақымшылық Қылмыстық-процестік кодекс пен Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарда айқындалған тәртіпте қолданылады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңымен босатылғандардың өмірден өз орындарын табуы үшін жергілікті атқарушы органдары тарапынан қажетті шаралар қабылданады. Атап айтқанда, жақыны жоқ өз-өзіне күтім жасай алмайтындарды стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтiк мекемелерге орналастырады. Сонымен қатар, кәмелеттік жасқа толмағандардың білім алуына,  тұрғылықты жері жоқтың дағдарыс орталығына орналасуына, т.б. заң аясында көмектеседі.

Рақымшылық жасау қателескендер үшін үлкен мүмкіндік. Сондықтан, оның қадірін біліп, қатарға қосылуға әрбір адам мүдделі болуы керек.

А.Жилкибаева,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...