12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАЛҒАНЫ ДҰРЫС ПА?

Жақын­да Мем­лекет бас­шысы Қасым-­Жомарт Тоқаев ­ел Тәуелсіз­дігінің 30 жылдығына орай, азаматтарға және жалпы мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасаған адамдарға амнистия жасалатынын жеткізген еді. Ра­қымшылыққа кім ілінеді және олар қалай іріктеле­ді? Мамандар пікірін білген едік.

Ернар ҚАСЫМБЕКОВ, Алматы қаласы, Алмалы аудандық соты төрағасының
міндетін атқарушы:
– Қазіргі кезде рақымшылық жасау туралы заң жобасын дайындау жөнінде Мемлекет басшысы тапсырма берді. Бірақ заң жобасымен өз басым әлі танысқан жоқпын. Сондықтан нақты ештеңе айта алмаймын. Осыған дейін 2016 жылдың 13—желтоқсанында «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық жариялау туралы» заң қабылданған еді. Заң күшіне енген уақыттан бастап алты ай ішінде түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға байланысты рақымшылық актісі қолданылуы керек. Жазадан босатылатын, жазасы қысқартылатын адамдардың жазалары осы уақыт аралығында қарастырылып, аяқталуы тиіс. Ал алты ай өтіп кеткен жағдайда, мәселен қылмыс жасаған адам іздестірілуде жүруі, әртүрлі себептермен жазасын өтемей, уақытын өткізіп алуы мүмкін. Мұндай жағдайда алты ай мерзім өтіп кетсе де, сол азаматтың немесе пробация қызметінің өтінішіне сай, я болмаса қайтадан қылмыс жасаған адамның ісі сотқа түссе, сот өз бастамасымен рақымшылық актісін қолданады. 2016 жылғы заңның 2-бабы бойынша қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар жазадан толығымен босатылған болатын. Рақымшылықтан кейін қылмыстың күрт өсуі немесе қандай да бір теріс көрсеткіш болады деп ойламаймын. Одан бөлек орташа қылмыс жасағандар қоғамға қауіп төндірмейтін қылмыс жасаған азаматтардың қатарына жатады. Тәжірибеде мұндай қылмыс жасаған адамдарға негізі бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды. Олар қылмысты қайталап жасаған кезде, я болмаса келтірген зиянының орнын өтемеген жағдайларда ғана бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып жатады. Мұндай азаматтар түзеу мекемелеріне қылмыс жасағаны үшін түсіп, ол жерден рақымшылық актісімен босап жатса, өздері түзелу жолына түсіп, жұмысқа орналасып, еңбегімен табыс тауып, қайта қылмыс орнына түспеудің әрекетін жасайды және мен соған үміттенемін. Тәжірибеде рақымшылық актісін қолданғандар қайта қылмыс жасап, істі болған деген дерек аз. Тек белгілі бір қылмысқа бейім адамдар ғана қайта қылмыс жасауы мүмкін. Мысалы, ұрлыққа бейім адам қанша жерден жазадан босатсаң да қайтадан сол қылмысын жасайды. Ал жол-көлік оқиғасын жасап, жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан қылмыстар, егер спирттік ішімдік ішпей жасаса ол
абайсызда жасаған қылмысқа жатады. Және де рақымшылыққа ілінуі мүмкін. Яғни, негізгі жазасы ілінуі мүмкін, ал қосымша жазасы ілінбейді.
Жалпы рақымшылық: ауырлығы орташа қылмыстар бойынша кәмелетке толмағандар; аяғы ауыр және кәмелетке толмаған немесе мүгедек баласы бар әйелдер, сонымен қатар, кәмелетке толмаған баланың жалғыз ата-анасы болып отырған ата-ана құқығынан айырылмаған ер адамдар; I, II және III топ мүгедектері; жасы елуден асқан әйелдер, жасы алпыстан асқан ер адамдар; Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар; әскери және интернационалдық парызын өтеу үстінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің жесірлері, сондай-ақ, соғыс мүгедектері мен оларға теңестірілген тұлғалардың жұбайларына жасалуы мүмкін. Рақымшылыққа ілінген, алайда, үйі, туысы жоқ адамдарға түзеу мекемесінің әлеуметтік қызметкерлері талдау жасап, жергілікті жерлердегі ішкі істер органдарына, атқарушы органдарына хабар жолдайды. Және де жергілікі участкелік полициялар жіті қадағалайды. Егер есепке тұрғызылса, мұндай азаматтарға психологиялық көмек беріледі. Рақымшылық жасалып, жазадан босатылған және жұбайы немесе жақын туыстары жоқ І және II топ мүгедектері, жасы келгендіктен өз-өзіне қарай алмайтын тұлғалар стационар типтегі медициналық-санитарлық мекемелерге орналастырылады. Кәмелетке толмағандар ата-анасының немесе олардың орнын басатын тұлғалардың қадағалауына беріледі, не болмаса, арнайы мемлекеттік органға жөнелтіледі. Сот үкімімен ем тағайындалғандар оны жалғастыруы керек болады. Ал, тұрғылықты үйі жоқтар әлеуметтік бейімдеу орталықтарына орналастырылады. Бұл міндеттемелердің орындалуын атқарушы органдар қадағалауы керек.

Айгүл БАЗИЛОВА, заңгер, криминалист:
– Рақымшылық – қылмыстық құқықтағы гуманизмнің бір көрінісі. ҚР Конституциясының 44-бабына сәйкес, азаматтарға рақымшылық жасауды Президент жүзеге асырады. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай алқа мәжілісінде Қ.К. Тоқаев азаматтарға және жалпы мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық (амнистия) жасалатындығын мәлімдеген болатын. Президент тарихи датаның қарсаңында қоғамның әлеуметтік осал санаттарына, яғни кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған балалары немесе мүгедек балалары бар әйелдер, сондай-ақ, кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын ер адамдар, 1,2,3-топтағы мүгедектер, елу жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс жастағы және ол жастан асқан ер адамдар және тағы басқаларына рақымшылық жасауды көздеп отыр. Президент рақымшылығына ілігу үшін сотталушылардың туыстары, еңбек ұжымдары немесе түзеу мекемесінің әкімшілігі өтінішхат жазады. Сондай-ақ егер сотталушы түзеу мекемесінде отырған болса, өтінішхатын колония әкімшілігіне береді. Ал сотталушы бостандыққа шығарылған болса, өзінің тұрғылықты жері бойынша өтінішхатын ҚР ІІМ органдарына жолдайды. Жазылған барлық өтінішхаттар мен жинақталған құжаттар ҚР Президенті Аппаратына жолданады. Рақымшылық жасау туралы өтінішхаттарды Президенттік комиссия (депутаттар, қоғамдық ұйым өкілдері, Жоғарғы Соттың төрағасы, министрлер) қарастырады. Президенттік комиссия сотталғандардың өтінішхаттарын қарастыра отырып шешім қабылдайды. Қабылданған шешім негізінде ҚР Президенті сотталғандарға рақымшылық жасау туралы Жарлық шығарады.
Жалпы, елімізде бұған дейін де амнистия болды. Ол кезде Н.Ә.Назарбаевтың азаматтарға рақымшылық жасау туралы актісімен жазасын өтеушілерге, оның ішінде жазасын өтеп отырған саяси элита өкілдеріне де жазасын жеңілдету, босату сияқты шаралар жүзеге асты. Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алқа мәжілісінде мәлімдеген рақымшылық шарасы жалпы мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасағандарға ғана деп ескертілуде. Бұдан ұғатынымыз, мемлекет бюджетіне қол сұғып, мемлекетке ірі көлемде шығын келтіргені үшін бас бостандығынан айырылған саясат өкілдеріне ешқандай жеңілдік берілмейді.

Сауалнаманы дайындаған Ақбота ЕРБОЛҚЫЗЫ

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...