Елімізде кезекті мəрте сотталғандарға рақымшылық жасалмақ. Тəуелсіздік алғаннан бері оныншы рет жасалып отырған бұл шараға ілінетіндер арасында көбіне кəмелетке жасы толмаған баласы бар аналар жəне жүкті əйелдер бар.
Олардың жалпы саны 833. Бұл əйелдердің 109-ы босатылып, 724-інің мерзімі қысқартылмақ. Бұл əрине, ізгілікті қадам. Өйткені, əйел дің түрмеде отыруы оның өзіне ғана емес, балалары мен отбасына да зардабын тигізеді. Бұл қоғам үшін қауіпті құбылыс. Парламент Мəжілісінде мақұлданған «ҚР Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын Парламент депутаттары Мемлекет басшысының биылғы жылғы Ұлттық құрылтайда айтқан бас бостандығынан айырылған жүкті əйелдер мен кішкентай балалары бар əйелдердің жағдайына назар аудару туралы ұсынысын басшылыққа ала отырып, əзірлепті. Құжатты қорғаған депутат Абзал Құспановтың айтуынша, заң жобасын дайындау барысында 2021 жылы қолданылған рақымшылық жасау тəжірибесі ескерілген. Алдымен, қателіктер жасаған, бірақ өкініп, өзінің мінез-құлқымен түзелу жолына түскенін дəлелдеген адамдар санаты қамтылмақ. Атап айтқанда азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасағаны үшін сотталғандарды босату , яғни, қылмыстық теріс қылық пен онша ауыр емес қылмыс жасағандар, зиян келтіруге əкеп соқпаған, ауырлығы орташа қылмыс жасаған, не оны толық өтеген адамдар, залалдың немесе азаматтық талаптың болуына қарамастан, ауырлығы орташа қылмыс жасаған əлеуметтік жағынан осал адамдарды босату көзделген. Екіншіден, қылмыстық істерді, оның ішінде осы заң жобасы қолданысқа енгізілгенге дейін онша ауыр емес жəне ауырлығы орташа қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдар жасаған қылмыстар туралы соттар қарамаған істерді тоқтату қарастырылады. Бұл орайда ауыр жəне аса ауыр қылмыстар үшін өтелмеген жаза мерзімін қысқарту көзделіп отыр. Сонымен қатар заң жобасында өзге де талаптар қарастырылды. Олар бойынша сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алғаны немесе ысырап еткені, немесе аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сотталған адамдар қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залал мен оларға қойылған талапарыздар толық өтелген жағдайда негізгі жазаның өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің мерзімдері немесе мөлшері бестен бір бөлікке қысқартылады. Мемлекеттік құпияларды заңсыз жария етуге байланысты қылмыстар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарға рақымшылық қолдануға шектеу қойылады. Қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындау жөніндегі ҚАЖ 63 мекемесінде жəне 16 тергеу изоляторында 40 мыңнан астам адам отыр. Олардың 33 мыңы сотталған жəне 7 мыңы тергеу қамауындағы адамдар. Сонымен қатар бас бостандығынан айырмайтын жазалармен сотталған 27 мыңнан астам адам пробация қызметінің есебінде тұр. Алдын ала есептеулерге сəйкес рақымшылық жасауға бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын 6 мың сотталған жəне пробация қызметінің есебінде тұрған 9 мың адам, барлығы 15 мың адам қамтылмақ. Қылмыстық жəне пробация қыз метінің есебінде тұрған атқару жүйелері мекемелерінен шамамен 632 адам, сондай-ақ пробация қыз метінің есебінде тұрған 3,5 мың адам, яғни барлығы 4,1 мың адам бостандыққа шығады. Мұның сыртында қылмыстық жазасын өтеуге соңғы 1 жыл қалған, оң мінездеме берілген 1700-ден астам сотталған азаматтар босап шығады. Бас бостандығынан айыру орындарындағы 5,4 мың сотталған адамға 5,5 мың адамға жазаның өтелмеген мерзімін саралап қысқарту қолданылады. Сонымен қатар, рақымшылық жасау əрекетіне əлеуметтік осал адамдар санатына 629 адам (барлығы 2373) жатады, олардың 57-сі босатылады жəне 572 адамның мерзімі қысқартылады. Бұдан басқа, заң жобасы қылмыстық жауапкершіліктен босатуды жəне сотқа дейінгі тергеу органдарының өндірісіндегі 2136 қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды айқындайтын нормаларды қамтиды. Олар бойынша 1 773 адам тергеу органдарының шешімімен қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, оның ішінде 99-ы тергеу изоляторларында, ал 1 674 адам бойынша соттар үкім тағайындау кезінде жаза мерзімін қысқарту жəне босату туралы заң жобасының ережелерін қолдану көзделген. Сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, рақымшылық жасалмайтын қылмыстардың тізбесі айқындалды. Қылмыстықпроцестік кодексінің 476-бабының 15-тармағына сəйкес рақымшылық жасауды қолдану туралы түпкілікті шешімді сот əрбір сотталушыға қатысты жеке қабылдайды. Өз кезегінде заң жобасымен жергілікті атқарушы органдарға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын адамдарды əлеуметтік бейімдеу жəне қайта əлеуметтендіру жөніндегі міндеттер жүктеледі. Қазіргі уақыттың шындығын ескере отырып, рақымшылық жасау мемлекеттік шығыстарды оңтайландыруға (жылына шамамен 5 млрд теңге) жəне жүктемені азайту есебінен ҚАЖ мекемелерінде сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.
А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»