ҚР Еңбек министрлігінде орташа зейнетақы мөлшері туралы айтылды

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 704,9 млрд теңгеден астам зейнетақы төленді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 704,9 млрд теңгеден астам зейнетақы төленді. 2022 жылдың наурыз айында зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен 234,8 миллиард теңгеден астам бөлінді, оның 71,4 миллиард теңгесі базалық зейнетақыға, 163,4 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Ведомствода атап өткендей, 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнеткерлердің саны 2 млн 245,6 мыңнан астам адамды құрайды.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда) 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 105 344 теңгені құрады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.