12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қызылордалық азамат әйелінің денсаулығына зиян келтіргені үшін көше тазалап жүр

Қазақстан Республикасының аумағында 10-23 ақпан аралығында “Есепте тұрған тұлғалар” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Бұл іс-шараның басты мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу, олардың жазаны өтеу тәртібін сақтауын қадағалау және құқықбұзушылықтың алдын алу.

Осыған байланысты, Қазалы аудандық пробация қызметкерлері есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары мен жұмыс орындарына барып, олардың мінез-құлқын бақылап, жазасын өтеу барысын тексеруде. Сондай-ақ, сотталғандармен профилактикалық әңгімелер өткізіліп, оларға заң талаптарын түсіндіруде.

Пробация қызметінің бақылауындағы азаматтардың бірі – Г. есімді сотталған, азаматтық некедегі әйелін ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-бабының 1-бөлігімен 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалған. Пробациялық бақылау тағайындалған азамат қазіргі уақытта көше тазалау жұмыстарын атқаруда.
Тексеру барысында оның санитарлық тазалық жұмыстарына белсене қатысып жүргені анықталды. Өз қателігін түсінгенін айтқан сотталған: “Әйел адам – нәзік жанды. Қол көтергеніме өкінемін. Жазамды өтеп жатырмын, ендігі жерде әйелімді сыйлап өтемін”, – деп өз өкінішін білдірді.

Қылмыстық — атқару жүйесінде 20 жылға жуық адал еңбек етіп келеді

Исмаилова Гульнар Айтахметовна, 1984 жылы Семей облысы Семей қаласында...

Кәсіби бағдар беру басты мақсат

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясына 2025-2026ж.ж. оқу...

Қармақшыда пробация есебіндегі тұлғалар «Кездесу мен қоштасу» қойылымын тамашалады

Бүгін Қармақшы аудандық мәдениет үйінде көрермен назарына «Кездесу мен...

«Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев-кемеңгер!» атты музей балалар колониясында көрме өткізді

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №11 мекемесіне  ҚР Премьер-Министрінің...