12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылордада сотталған әйел заңды некеге тұрды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде 150-ден астам сотталған жазасын өтеп жатыр. Олардың арасында әйелдер де бар. Бүгін осы мекемеде қалалық АХАЖ бөлімінің қызметкерінің қатысуымен 34 жастағы Д.есімді әйелдің некесі қиылып, неке қию куәліктері табысталды. – Сотталғандар үшін заңды некеге тұру, оның түзелу жолына түсуіне, өз орнын табуына және болашақта отбасылық жауапкершілікті сезінуіне ықпал етеді. Мекемеде жыл басынан 3 сотталған заңды некеге тұрған. Мекеменің тәрбие бөлімі қызметкерлері мен психолог маманы сотталғандарға үздіксіз тәрбиелік жұмыстар жүргізіп, әлеуметтік тұрғыда бейімдеп, психологиялық қолдау көрсетеді. Олардың өмірге деген көзқарастары өзгеріп, бостандыққа шыққанда қоғамға тез сіңісіп кетеді, – дейді тәрбие бөлімінің бастығы Бауыржан Сәметов. – Бүгін мен үшін қуанышты күн. Бостандықта кездескен сүйіктіммен заңды некеге тұрдым. Отбасын құруға мүмкіндік берген түзеу мекемесінің әкімшілігіне ризашылығымды айтқым келеді. Кез келген адам бақытты болуға лайық, – дейді сотталған әйел.

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мекемесінде қысқы киім үлгісіне арналған саптық байқау өткізілді

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемесінде жеке құрамның...

В учреждении ДУИС по области Абай проведён строевой смотр зимней формы одежды

В учреждении уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялся строевой...

Текелі қаласының пробация қызметкерлері есептегі азаматқа жеке куәлік алуына көмек көрсетті

Бұл оның қоғамға қайта бейімделу жолындағы маңызды қадамдарының бірі...

Флешмоб «Сердце колледжа»

2 октября в колледже при учреждении №79 в рамках...