Қызылордада айыпталушы азамат заңды некеге тұрды

Қызылорда қаласындағы №68 тергеу изоляторында айыпталушы азамат өзінің сүйіктісімен заңды некеге тұрды.
Түзеу мекемелеріндегі арнайы контингенттің некеге тұруы – сирек кездесетін жағдай емес. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сотталған азаматтардың азаматтық құқықтары шектелмейді, оның ішінде некеге тұру құқығы да толық сақталады. Бұл олардың қоғаммен байланысын нығайтуға, түзелуге деген ынтасын арттыруға және болашаққа деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.
Айыпталушы азамат бостандықта жүрген кезде танысқан сүйіктісімен некеге тұруға шешім қабылдап, мекеме заңгерінен кеңес алып, тиісті өтініш жазды. Мекеменің заңгері Гүлмира Қарашаева оның өтінішін қарап, қажетті құжаттарды жинақтап, АХАТ бөліміне тапсырды. Заңды түрде тіркелген некеден кейін жас жұбайларға неке туралы куәлік табысталды.
– Бүгін мен үшін ең бақытты күн. Өзім ұнатқан қызбен некеге тұрдым. Бұл үшін мекеме қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, – деп қуанышпен бөлісті жаңа отағасы.
Мекеме заңгерінің айтуынша, сотталған азаматтардың отбасын құруы олардың тәртібіне оң әсер етеді.
– Бас бостандығынан айыру орындарында некеге тұру сотталған азаматтардың мінез-құлқына оң ықпал етеді. Олар отбасылы болған соң, мерзімінен бұрын босап шығуы үшін тәртібін дұрыстап, өмірге деген көзқарасын өзгертеді. Сондай-ақ, қоғамда өз орнын табуға және түзелу мекемесінен шыққан соң, отбасы алдындағы жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді. Бұл – жыл басынан бері тергеу изоляторында тіркелген алғашқы неке, – дейді заңгер Гүлмира Қарашаева.

В области Абай сотрудники женской колонии отметили День здоровья спортивными соревнованиями

В учреждении уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялось спортивное...

Осуждённым учреждения №20 оказана правовая помощь в области Абай

В учреждении №20 уголовно-исполнительной системы по области Абай проведено...

Болашақ заңгерлерге Абай облысында қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысы ішінен көрсетілді

Абай облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің...

№20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған іс-шара өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің №20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Дүниежүзілік күлкі күні атап өтілді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Дүниежүзілік күлкі күніне...