12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті 6 айды қорытындылады

Бүгін Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде ҚАЖ қызметінің 2024 жылдың 6 айындағы жұмысын қорытындылау бойынша жедел кеңес өтті. Жедел кеңес жұмысына ҚАЖД және ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылары, қалалық, аудандық пробация қызметтерінің бөлім бастықтары қатысты. Жедел кеңесті департамент бастығы әділет полковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы ашып, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде министр Ержан Саденовтың басшылығымен өткен алқа отырысында берілген тапсырмаларды жеке құрамның назарына жеткізді.

Одан соң Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жедел-қызмет жұмысының қорытындылары туралы департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлы жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелері, мекемелердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстарға және пробация қызметінің жұмысына, жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту, медициналық көмектерге тоқталып өтті. Мекеме басшылары да 6 айда атқарылған жұмыс нәтижелері туралы баяндама оқыды. Департамент бастығы Шаймерден Тәжіқұлұлы ҚАЖ мекемелерінде өткен жылмен салыстырмалы түрде ауқымды жұмыстар жүргізілгендігін атап өтіп, мекеме басшыларына сотталғандарды жұмыспен қамту, оларға көрсетілетін медициналық, психологиялық көмек,теологиялық көмек бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырса, пробация қызметіне есептегі азаматтар тарапынан қайта қылмысқа жол бермеу мақсатында тиісті жұмыстарды атқару жөнінде тапсырма берді.

МЕКЕМЕ КІТАПХАНАСЫ ДІНИ ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ

Қызылорда облыстық Дін істері басқармасының әлеуметтік жобасы аясында «Ақмешіт-Сырдария»...

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні балалар колониясында аталып өтті

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің  №11 мекемесінде  жазасын өтеп...

«Пробация» профилактикалық іс-шарасы

Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталғандар тарапынан қылмыстық...

Ратт мүшесі сотталғандарға дәріс өтті

Республикалық ақпараттық түсіндірме топ мүшесі, «Ақниет ақпараттық-насихаттау және оңалту...