Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде АКАӘПТЖББ-нің психологы әділет капитаны мекеме қамауында келіп түскен айыпталушы және сотталған азаматтарға «Майнд» машинасы» арқылы психорелакциялық аппаратымен психокорекциялық жұмысын жүргізді.
Алдымен, мекемеде айыпталушылар мен сотталған азаматтар арасында «Майнд машина» аппаратының қолданылуы түсіндірілді. Релаксация барысында, құлаққапты киген айыпталушының құлағына жағымды табиғаттың әсерлі үні қосылады. Ал, көзілдірікті кигенде кемпірқосақтағыдай түрлі түстер бейне бір ғажап әлемге жетелейді. Бұндай, табиғат үнімен әсем көрініске еліткен апараттағы жан дүниесі құлазып жүрген адамның санасы мазасыздықтан арылып, тынышталып, психоэмоционалдық жағдайды ретке келеді. Осылайша, қапастағы қамкөңіл жандар, Майнд машинасы құрылғысының көмегімен бойындағы жағымсыз ойдан, шаршаңғыштық, ашушаңдық сезімдерінен арылады – деп түсіндірді психолог маман.