Қызғалдақ ұзақ сақталу үшін не істеу керек?

Көктемгі мерекелерде нәзік жандылар сыйлыққа қызғалдақтар алады. Кейде ұзақ сақталған гүлдерге қарап, таңғалып жататындар бар. Солмағанына тамсанып: «Сірә, шын ниетімен сыйлаған ғой» деп жатады. Әрине, романтикаға сенуге болады, бірақ оның құпиясы басқада. Құмырадағы гүлді, соның ішінде қызғалдақты ұзақ сақтау үшін гүл баптаушылар қолданатын бірнеше қулық бар, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құмыраны жуып, оған салқын су құйыңыз. Қызғалдақтар қатты салқын суды жақсы көреді, сондықтан, құмыра ішіне мұз салып жіберуге болады.
Қызғалдақ сабағының түбін тіке етіп кесіңіз. Раушан гүлді қисық етіп кесетінін көпшілік біледі де, қызғалдақта да солай деп ойлайды. Алайда оны тіке етіп кесу керек.
Суға тиіп тұрған жапырақтарын алып тастаңыз.
Құмыраны күнде жуып, суды ауыстырыңыз. Тұрып қалған суда микробтар белсенді дамиды. Соның салдарынан гүлдер тез өліп қалады. Суға антибактериалдық таблеткалар, мысалы, белсендірілген көмір немесе аспирин салып жіберуге болады.
Қызғалдақ сабағының түбін күнде 1 см-ге қиып тұрыңыз.
Қызғалдақтың ұзақ сақталуына көмектесетін тағы бір әдіс бар. Ол үшін гүлдің қауызының 2-3 см төмен жердегі сабақты инемен тесіп жіберіңіз.
Қызғалдақты күннің көзіне және жылытқыштар жанына қоймаңыз.
Қызғалдақтардың жанына жемістер және басқа гүлдерді қоймаған жөн.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...