Қытайдағы жойқын торнадодан бес адам қаза тапты

Қытайдағы жойқын торнадо бес адамның өмірін қиып кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Синьхуа» басылымына сілтеме жасап.

Жұмада түстен кейін Хэцзе қаласындағы Дунмин және Цзюаньчэн округінде торнадо соқты. Апат салдарынан 88 адам жарақат алды, олардың бесеуі қайтыс болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша торнадо 2820 ғимарат пен 48 электр желісіне зақым келтірді. Ол 4060 гектарға жуық ауылшаруашылық жерлеріне де зиянын тигізді.

Жедел жөндеу жұмыстарынан кейін көлік байланысы, байланыс, су және электрмен жабдықтау желілері қалпына келтірілген.

Өзбекстан президенті Мирзиёев Тоқаевты референдум табысты өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.

“Енді 15 наурызды Конституция күні ретінде қарсы аламыз“ — Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституциямыз құтты болсын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі

Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.