1 мамыр Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖД №19 мекемесінің қызметкерлері Семей қаласындағы қарттар үйінде концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
№19 мекемесі қызметкерлері Семей қаласындағы қарттар мен жалпы мүгедектер үйінде тұратын қарияларға мерекелік концерт қойды.
Концерттік бағдарламада олардың жас кезіндегі әндер шырқалды. Қызметкерлер, жеке және топтық вокалдық нөмірлерде өнер көрсетті. Сондай-ақ, бағдарламада поязиялық этюдтер мен билер көрсетілді. Қарт адамдар концертті зор ықыласпен тамашалады.
Бүгінде мекемеде 155-ке жуық қарт адамдар қызмет алуда. Онда түрлі ұлт өкілдері олар: қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар, татарлар да бар. Бұл үйде әрқашан сыйластық, өзара түсіністік, достық орын алған. Бұл үйдің қызмет алушылары үшін әр күн бір күндей өтеді. Бұл күнделікті медициналық процедуралар және бір-бірімен араласу, сырласу. Ал, бүгін мекеме ұжымы өздеріне өнер көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, күндерін көркейтті.
«Қызметкерлер арасында осындай дарынды полицейлердің болғаны бізді таң қалдырды. Біздің үйді ұмытпай, мезгіл-мезгіл келіп тұратын қызметкерлерге рахмет. Міне, бүгін осындай тамаша концерт ұйымдастырды», – дейді 8 жылдан бері осында тұрып жатқан Клава әжей.
Бағдарлама соңында қарттар үйінің басшылығы қызметкерлерге алғыс айтып, өзараынтымақтастық нышаны ретінде алғыс хат табыс етті.



