27.02.2024ж. Алматы қаласы Медеу ауданы прокуратурасының ғимаратында Медеу аудандық прокурорымен ұйымдастырылған Алматы қ. құқық қорғау, мемлекеттік және арнайы органдарының кеңесі өтті, кеңеске Алматы қаласы Медеу аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған, ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салған «Қоғамнан оқшалауға байланысты емес сотталғандар мен бас бостандығын айыру орнынан босатылып шыққан тұлғалар шақырылды, сотталғандардың өздерінің қатысуымен кеңес өтті, осы кеңесте қайталап қылмыс жасауға жол бермеу туралы мәселелер мен оларды болдырмау жолдары қаралды. Қылмыс пен қоғамдық тәртіпті бұзу, қайталап қылмыс жасау, әкімшілік құқық бұзушылық және бақылаудан жасырынудың салдары талқыланды.
Сотталғандармен толық профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді, жазасын өтеу тәртіптері мен сотпен анықталған міндеттер және оларды бұзудың салдары қосымша түсіндірілді. Кездесудің басты мақсаты – жазасын өтеп жатқан тұлғаларды жұмыспен қамту болып табылады. Кездесу барысында жазасын өтеушілер өзара пікір алмасып, қызықтырған сауалдарына жауап алды, бас қосу соңында түзетудің түпкі бір әдісі сотталғандарды еңбекпен тәрбиелеу, және түзу жолға түсуіне барынша ықпал жасайтынын, жаза басып, қоғамда қайта орнын тапқысы келген сотталғандар үшін мұның үлкен мүмкіндік екендігін, және де түзу жолына түсіп, сотпен жүктелген міндеттерді толықтай орындаған сотталғандар жаза өтеу мерзімінен бұрын босатылып, соттылығын жоюға мүмкіндіктері бары екенін Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры атап өтті.
Жалпы, осы жоғарыда аталған жедел іс-шаралары есепте тұрған сотталғандарды қатаң бақылауға алып, қайта қылмыс жасауына жол бермей, сотталғандарды оң жолға бағыттайды.
Алматы қаласы және Алматы мен Жетісу облыстары бойынша
ҚАЖД Медеу аудандық пробация қызметі


