Құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралар өтті

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті пробация қызметімен, сондай-ақ Астана қаласы бойынша ҚАЖД және Астана қаласы ПД көші-қон қызметімен бірлесіп, пробациялық бақылауда тұрған есептегі тұлғалармен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – Астана қаласының барлық аудандарын қамту, сондай-ақ есептегі тұлғаларға мемлекеттік және құқық қорғау органдарына әлеуметтік-құқықтық көмек алу үшін жүгіну тәртібін түсіндіру бойынша қолдау көрсету болды.

Сонымен қатар, есептегі тұлғаларға кейбір заңнамалық құқықтық актілерге, атап айтқанда, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қылмыстық жауапкершілікке тартылуына байланысты енгізілген өзгерістер жан-жақты түсіндірілді.

Бұдан бөлек, пробациялық бақылау талаптарының бұзылуы анықталып, нәтижесінде екі есептегі тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Олар рейдтік іс-шаралар кезінде қоғамдық орындарда масаң күйде болған. Сондай-ақ, бес есептегі тұлғаның тұрғылықты жері бойынша және уақытша тұру мекенжайы бойынша тіркеусіз тұрып жатқаны анықталды.

Оған қоса, пробациялық бақылау шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін бес есептегі тұлғаға қатысты ескерту түріндегі жаза қолданылып, бұл мәліметтер олардың жеке ісіне енгізілді. Бұл тұлғалар сағат 22:00-ден кейін тіркеуде тұрған мекенжайында дәлелді себепсіз болмағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Осуждённым учреждения №20 оказана правовая помощь в области Абай

В учреждении №20 уголовно-исполнительной системы по области Абай проведено...

Болашақ заңгерлерге Абай облысында қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысы ішінен көрсетілді

Абай облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің...

№20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған іс-шара өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің №20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Дүниежүзілік күлкі күні атап өтілді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Дүниежүзілік күлкі күніне...

В женской колонии области Абай отметили Всемирный день смеха

В учреждении уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялось праздничное...